«Үшқұдық» газетінің ең алғашқы саны 1989 жылы желтоқсан айында «Достық-Дружба» атымен қазақ және орыс тілінде шыға бастады. Бірінші редактор – Молдабек Сейітназаров бастаған ұжым бірталай тілшілерді ауданымызға танытты. 1999 жылдан бастап басылым өзбек, қазақ, орыс тілдерінде жарыққа шыға бастады. Молдабек ағайдан кейінгі лекті Баянбек Ақниязов, Роза Алдашова, Озода Эргашева, Шырын Каримбаева, Райхан Қадірова, Мөлдір Бүркітбаева, Феруза Яндашовалар жалғастырды.
2004 жылда газетке «Үшқұдық» аты берілді. Тұңғыш сандары айына екі кейде үш мәрте шыққан болса, қазіргі күнде айына үзілмей 3 мәрте А3 форматпен түрлі-түсті реңде 6000-ға жақын тиражда жарық көріп жатыр. Оқырмандар газеттің электронды форматын www.uchquduq-gazeta.uz веб-сайты арқылы да көре алады. Мазмұны жағынан үлкен де, кіші де, жас та, кәрі де оқитын «Үшқұдық» газетіне кез келген жастағы адам өзінің мақаласын, шығармашылық туындысын шығара алады.
Бүгінде басылымның біршама жетіскен жетістіктері бар. «Жылдың ең белсенді журналисті», «Мықты отбасы – қоғам тірегі» және «БАҚ жарияланған үздік материал» республикалық байқауларында жүлделі орындарды иеленген. Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісі жанындағы беймемлекет бейкоммерциялық ұйымдарды қолдап-қуаттау қоғамдық қоры тарапынан екі мәрте грантқа иесі атанды. Науайы кен-металлургия комбинаты солтүстік кен басқармасының 55 жылдығына арналған «Үшқұдық-Қызылқұм - жауһары» кітап-альбомы, “Үшқұдық - шөлдегі бақша”альманахының бірінші және екінші томдарында өлке тарихын, еңбекшіл азаматтардың шығармашылық табыстарын замандастар мен келешек ұрпаққа жеткізуде маңызы зор.
Ауданның құрылғанына 40 жыл толуына орай «Үшқұдық ауданы: кеше және бүгін» кітап-альбомы жарық көрді. Кітапта өлкенің тарихы, жер-су атауларының шығу тарихы, өңірдегі киелі тарихи орындар, Қызылқұм кеңістігінде жасырылған сырлар, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілік, жүзеге асырылып жатқан жедел реформалар туралы сөз етілген. Бұл кітап-альбом алғашқы ресми дереккөз ретінде редакцияның шығармашылық ұжымымен баспаға дайындалып, өзбек және ағылшын тілдерінде 1500 данамен басылғанын ұйғара кеткен маңызды.
Алғаш күннен-ақ өз оқырмандарының жүрегінен орын алған «Үшқұдық» газеті жарыққа шыққанша биыл 35 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде басылымның аға буыны ауысып, құрамы жаңа жастармен толықты. Жастар құрамы жаңарған сайын, газеттің өзі кеңейіп, сапасы көтеріліп, шығармашылығы жыл сайын артып, таралымы көбейіп, мазмұны да, айтар ойы да, беделі де көтеріліп келеді.
-«Біздің «Үшқұдық» газеті аймақ жастарын танытуда, өз ісінің үздіктерін насихаттауда, үлгі-өнеге етуде. Өз жұмысын 100 пайыз орындап отырған газет деп сеніммен айта аламын. Бүгінгі заманауи гаджеттер газеттердің орнын басып келе жатыр деген күннің өзінде «Үшқұдық»газетіндегі кейбір танымдық мәліметтерді, мөлтек әңгімелерді газеттің өзінен ғана тұшынып оқуға болатынын байқаймын. Сондықтан жарық көргеніне 35 жыл толып отырған басылымының болашағы жарқын, оқырманы көп болсын деген тілек білдіремін», - дейді Райхан Қадірова.
«Үшқұдық» газетінің 35 жылдығына орай еңбек жолын осы басылымнан бастап, бүгінде қолына қалам ұстаған бізге ұқсаған жастар үшін жақсы мектеп.
«Үшқұдық» газетіне – 35 жыл. Отыз бес жылдық белес. Әлі де талай шығармашылық белестерді бағындырып, асулардан асу қажет! Жаңашылдыққа ұмтылған басылымның оқырманы жылдан-жылға көбейе беретініне сенімім мол.
Мөлдір БҮРКІТБАЕВА,
тілші.