LOTIN-КИРИЛЛ

АВТОКРАН АЙДАУШЫ АҚЫЛХАДАМ

Өндіріс майталмандары

    Намыс пен қайрат, жігер мен рух әр жұмысшыны өз саласының майталман маманы болуға жетелейді. Үшқұдықта ұзақ жылдар бойы жауапты қызмет атқарып келе жатқан өндіріс саласында ізгі дәстүрлер қалыптастырып, жас буынға дәріптелу үрдіске айналған десек артық айтқандық емес.
   Кен орнындардағы жұмыстың тиімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ететін қозғаушы күштің бірі – тасымалдауға, арнайы техникаларды көтеруге және тиеуге жауапты технологиялық көлік бөлімі есептелінеді. Бөлім арнайы техникалары өндірісте үздіксіз жұмыс жүргізу үшін тәулік бойы «сақадай сай» тұрады. Көліктердің техникалық жағдайы, жұмыс тәртібі мен қызмет сапасы автотізбек басшыларының жеке бақылауында. 25 жылға жуық жылдан бері аталмыш қызметті абыроймен атқарып келе жатқандардың бірі – Серікбаев Ақылхадам Алмұратович.
1977 жылы Тамды ауданы Өтемұрат ауылында туылған Ақылхадамның еңбек жолы 2000 жылдан автокран жүргізушісі ретінде басталды. Осы уақыт ішінде Үшқұдықтағы өндірісті толығымен зерттеп, меңгерді. Кейіпкеріміздің қарамағындағы автокрандар, гидрокөтергіштер арқылы жыл мезгілі мен күн райына қарамастан, жүктерді көтеру мен жеткізу жұмыстарын жылдам әрі сапалы орындайды.
Ақылхадам Серікбаев арнайы техниканың тілін тауып, мол тәжірибе жинаған қызметкер 2019 жылға дейін Науаи кен-металлургия комбинатының Солтүстік кен басқармасында істесе, 2021 жылдан бастап «Науаи-уран» мемлекеттік кәсіпорнының «Үшқұдық» геотехнологиялық кенінің арнайы автотранспорт учаскесінде автомобиль краны машинисті болып еңбек етуде.
-Өз жұмысымды ерекше жақсы көремін. Өндіріс екінші үйім, ұжымдастар туысымдай жақын болып кетті. Кеніш учаскесінің көлік саласында оң өзгерістер бар. Биыл бөлім жаңа техникалармен толығады деп күтілуде, – дейді Ақылхадам Алмұратович.
    Қызметтегі кәсібилік пен тәжірибе арқасында Ақылхадам Серікбаев көп жылғы еңбегі үшін талай марапат пен алғыс хаттарға ие болды. Алдағы уақытта ширек ғасырлық еңбегі еленіп, мемлекеттік марапаттармен наградталуына еш шүбә жоқ. Үшқұдықтағы өндіріс даму тарихындағы оның үлесі мен игі ісі, ақыл-парасаты жас буынға бағдар беретін темірқазық іспетті.


Гулдана НАРИНБЕТОВА

O'qilgan: 90 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: