Мектептегі білім мен тәрбие беру негізі бастауыш сыныптардан басталады. Бастауыш сынып мұғалімі – пән оқытушы ғана емес, ол – бағбан, баланың болашағына бағыт беруші, бала бойындағы қабілетінің көзін ашушы, қорғанышы деуге болады. Барлық білімнің негізі бастауышта қаланатын болса, балаға дәл осы кезде білім беріп қалудың маңызы зор. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс Бүгінгі кейіпкеріміз – Сейтбенбетова Жамал Әсембековна осындай ұстаздардың бірі.
1973 жылы 26 қарашада Құлқұдық аулында дүниеге келген Жамал Әсембекқызы 1990 жылы Құлқұдық аулындағы №1 мектепті бітіріп, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институттың бастауыш тәлімі факультетіне оқуға түседі. Институттың сыртқы бөлімін 1995 жылы аяқтаған ол 3 курста оқып жүріп-ақ Үшқұдық қаласындағы №4 мектептің бастауыш сынып оқытушысы болып жұмысқа қабылданады. 31 жылдан астам уақыт аталмыш мектепте бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатқан Ж.Сейтпенбетова бірінші санатты ұстаз. Сонымен қатар жұмысында біліктілігімен өзге әріптестеріне үлгі, өнегелі педагог.
Бастауышта алған білім мықты болса, оқушылардың жоғарғы сыныпқа барғанда да алатын білімдері сапалы болатыны баршаға аян. Ұстаздың оқытқан оқушылары бастауыш сыныптар ортасында өткерілген сайыстардан аудандық, облыстық көлемде жүлделі орынды иелеген. Шәкірттері арасында Нұрсұлтан Пердебеков, Венера Қалмұрзаева, Перизат Ертуғанова, Мөлдір Бүркітбаева, Перизат Жанайдаровалар үмітін ақтап, биік белестерді бағындыруда. Олар аудандық, облыстық пән олимпиасында 1-2 орындарды иелеп, алғашқы ұстазын сүйсіндіруде. Қазіргі күнде көптеген оқушылары жоғары оқу орындарын бітіріп елге қызмет етуде.
«Ұстаздар мен тәлімгерлер күні» қарсаңында Жамал Сейтбенбетованың ұстаздық жолындағы еңбектері елене берсін деген ізгі тілек білдіреміз. "Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті" дегендей, атыңызды бүкіл әлемге танытатын талантты, білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!