LOTIN-КИРИЛЛ

КӨЗҚАРАС ПЕН ПІКІРДІ СУРЕТ АРҚЫЛЫ СИПАТТАЙТЫН СЕЙІТЖАН

 

Тарих көптің жадында сурет арқылы сақталады. Олай болса, халықты таңғал-дырар кадр түсіру – өнермен пара-пар. Үшқұдық ауданында объективін арқалап, талай оқиғаның ортасында жүріп, қажырлы да тынымсыз қызмет еткен жастардың бірі – Сейітжан Арыбаев.

Ауданның соңғы жылдардағы қоғамдық, саяси, мәдени, әлеуметтік өміріндегі тыныс-тіршілігі Сейітжанның фотоаппараты арқылы газет беттерінде «сөйлеп» тұрды. 

Редакцияға 2018 жылы жұмысқа келген жас фотограф үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысатын, тосырқауды білмейтін қарапайым мінезімен қайсы ортаға да тез бейімделе кететін қасиетімен ерекшеленеді. Ақжарқын мінезді жас дарын Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген жоғары білімді кадр. 

 «Жігітке қырық өнер де аз» дегендей, ауданда өтіп жатқан іс-шараларды фото-бейне таспаға түсіру үшін фотограф, оператор, монтаждаушы, жүргізуші, тілші сияқты бар өнерін сарп етеді. Үшқұдықтың жылы бейнесін шетте жүріп сағына еске алатын жерлестер ауданның күнделікті өмірі туралы көптеген фильмдерді әдемі монтаж арқылы әлеуметтік желілерде үнемі тамашалайды. Ол Instagram желісінде жеке арнасын жүргізіп, құт дарыған киелі Қызылқұмның өмірі мен табиғаты туралы суреттерді үнемі жүктеп отырады. 

Үшқұдық ауданы облыс орталығынан 300 шақырым және ел астанасы Ташкенттен 1000 шақырымдай қашықтықта орналасқандықтан журналистер келе бермейтін шалғай аудан. Сондықтан Сейітжанның бейнеобъективке түсірген кадрлары облыстық, республикалық жаңалықтар арналарында көрсетіледі. Сейітжанды Үшқұдықтағы барлық тұрғын таниды. Өйткені жерлестердің өтінішін ешқашан жерге қалдырмайтын елгезек фотограф. 

Өз ісін, мамандығын жанындай артық көретін талапшаң дарын иесі видеокамера арқылы елдегі жаңалықтарды бүкіл республикаға қалай тарату керектігін жақсы меңгергендігімен ерекшеленеді. Тек еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында ғана емес, көршілес Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында да оның Үшқұдық ауданы туралы түсірген фильмдері мен фотолары жарияланып, эфирге үнемі шығады. 

Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын, өлке тарихы мен ауданның жетістігін суретке сыйғызып, басылым мазмұнын арттыруға атсалысып келе жатқан жас маман Сейітжан жақында отбасын құрды. Бұл жас жанұяның Үшқұдықтағы өнегелі, ата-анасы, туаған туысымен қатар елге қызмет етер үлгілі отбасыларының бірі боларына сенімдіміз. 

Қалтқысыз қызмет атқарып келе жатқан жаңа толқын жас маман әріптесіміз Сейітжанды қос мереке – Баспасөз және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, сондай-ақ жалындаған жылулық сыйлайтын Жастар күнімен шынайы құттықтап, табысты еңбек тілейміз.

Гулдана НАРИНБЕТОВА

O'qilgan: 195 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: