• 27 июнь –Баспасөз және бұқаралық ақапарат құралдары қызметкерлері күні
Халқымыздың қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниета-нымын қалыптастыруға, кеңейтуге өз кезегінде мерзімді басылымдардың қосар үлесі зор. Елдің жасампаз істерге толы шежіресін жазу жолында Қызылқұм өңіріндегі газет қаламгерлері де үнемі ізденіс үстінде жүреді десек артық айтқандық емес.
Әсіресе, Науаи облысы шалғай аймағының тыныс-тіршілігін, халықтың әлеуметтік жағдайын, жеткен жетістігі мен еңбек адамын насихаттауда журналистер, газет қызметкерлерінің, баспасөз хатшыларының атқарған толассыз істердің қатарында екенін айта кеткен жөн.
Кез келген өңір үшін ақпараттық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі айрықша басымдық алып, газеттің баспа нұсқасымен бірге электрондық жүйесін қатар дамыту заман талабы. Газеттің электронды нұсқасын әзірлеп, бүгінде әлемнің қай түкпірінен оқимын деген үшқұдықтықтар болса да мүмкіндік бар. Осындай жауапты істі кейіпкеріміз Гауһар Бозаева қалтқысыз атқаруда.
Гауһар Бозаева – 2009 жылдан бері Науаи облысының шалғай Үшқұдық ауданы «Үшқұдық» газетінің дизайнері болып жұмыс істейді. Білімі жоғары, Қазақстан Республикасының М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Өзінің сүйікті жұмысын тиянақты атқаратын кемел маман. Ол жаңа нәрселерге құштар. Газеттің әр нөмірін қызықты әрі тартымды дизайнмен оқырмандарға ұсынуға тырысады. Газет бетіндегі әрбір мақала заманауи дизайнмен әрленгенде оқырман еріксіз сол материалдың ішінде жұргендей сезінеді. Сол арқылы білікті маман мерзімдік басылым арқылы жарияланған мақалалардың оқылуын арттыра түсуде. Ал газеттің электронды нұсқасы ресми сайтта, ресми телеграмм каналында жариялана түсуі заманмен үндескен дизайнердің үлкен жетістігі екені даусыз. Газет жарияланар сайт жергілікті жаңалықтармен қатар әлемде болған оқиғалардың ақпараттары беріліп отыр. Бұл жағынан алғанда “Үшқұдық” тек аудан айнасы ғана емес, сонымен қатар, жаһан жаңалықтарының жаршысы болып келе жатқанын атап өтуге болады.
«Үшқұдық» газетінің оқырман қолына «шоқтай» жанып, жетуінде Гауһар Бозаеваның қызметі теңдессіз.
Білікті дизайнер Г.Бозаева өмірлік жолдасымен екі қыз тәрбиелеп отырған Үшқұдықтағы үлгілі отбасы ұйытқысы. Алдағы уақытта шырайлы шығармалардың баспа бетінде әрленіп, заманауи дизайынмен жарық көруіне септігін тигізетін жаңашыл кадрге шығармашылық табыс тілейміз.