LOTIN-КИРИЛЛ

ДИНОЗАВРЛАР ҚЫЗЫЛҚҰМДА ӨМІР СҮРГЕН (БЕ)?!

   Отыз  миллион гектар аумақты алып жатқан Қызылқұм кеңістігінде бірнеше миллион жыл бұрын Тетис мұхиты болған деген болжамдар бар. Өйткені қазірдің өзінде Мыңбұлақ ауылының айналасында тас қатқан шығанақтарды, акула тістері мен сүйектерін, тіпті үйрек мұрынды динозаврдың тасқа айналған сүйектерін табуға болады. 95-100 миллион жыл бұрын Мыңбұлақ ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан «Жырақұдық» шатқалында «Тасорман» деп аталатын бірегей геологиялық, палеонтологиялық, тарихи және табиғи нысан әлі күнге дейін әлем ғалымдарын қызықтырады.

   «Жырақұдық» сөзі қазақшадан өзбек тіліне аударылғанда «жыра», яғни «жарық жер» дегенді білдіреді. Егер сіз «Жырақұдық» шатқалында болсаңыз, биік төбелердегі ұзын жарықтардан ағып жатқан су науалары немесе су іздерін таба аласыз.  Сондықтан жергілікті тұрғындар бұл аумақты «Жырақұдық» шатқалы деп атайды. Атап айтқанда, Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 10 наурызда бекітілген «2022 жылда туристік және мәдени мұра объектілерінің инфрақұрылымын дамыту шаралары туралы» №110 қаулысына сәйкес  1 млрд 500 млн.сум қаржы есебінен «Тасорман» деп аталатын табиғи археологиялық ескерткіш 3D қоршаумен қоршалған. Күн батареялары, бақылау камералары, түнгі шамдар орнатылған. Табиғи археологиялық ескерткішті тамашалауға келушілер үшін арнайы орындар ұйымдастырылып, саяхатшылар үшін мүмкіндіктер мпен қолайлылықтар жасалды.

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ҒАЛЫМДАРЫ «ЖЫРАҚҰДЫҚТА»!

    Бірнеше жыл бұрын Калифорниядан келген палеонтолог ғалым, профессор Джеймс Дэвид Арчибальд бастаған халықаралық экспедиция (URBAK) күш-жігерінің арқасында Қызылқұм табиғатының осындай қайталанбас ғажайыбын көпшілік біле бастады.

    2022 жылдың көктемінде бір топ словак ғалымдары Мыңбұлақтағы «Жырақұдық»  шатқалында болды. Өзбекстан мен Словакия елдері арасында қол қойылған меморандумға сәйкес экспедиция құрамында Павла Йозефа Шафарика атындағы Словакия мемлекеттік университетінің докторы Мартин Кундрат, Дионисия Штура атындағы Мемлекеттік геология институтының докторы Марио Ольшавский, Словакия мемлекеттік мұражайының ғылыми қызметкері Габриэль Лешинский, Павла Йозефа Шафарика атындағы Словакия мемлекеттік университетінің француз магистр-докторанты Дамьен Мартен, Павла Йозефа Шафарика атындағы Словакия мемлекеттік университетінің магистр-докторанты, Перуден келген Жозелин Мендоза Йенгле бар болатын.

– Осыдан 95 миллион жыл бұрын Қызылқұмның орнында мұхит болған деген болжамдар бар. Оны мұхит жағалауы мен оған түскен метеориттерге қатысы бар деген болжамдар да бар. Мұз дәуірінен кейін климаттың өзгеруі, жаһандық жылыну кезеңі басталды және метеориттердің ғарыштан жерге түсуі нәтижесінде теңіз суы тартылып, бұл жерлер жүздеген жылдар бойы күн сәулесінде шаң мен тозаңдар арсында қалады.  Нәтижесінде барлық физикалық тау жыныстары химиялық тұрғыдан өзгеріске ұшырап,  маңындағы ормандарда суда және құрлықта өмір сүрген жануарлар басқа пішінге ауысып, тасқа айналған болуы мүмкін, - дейді экспедиция жетекшісі, Павла Йозефа Шафарика атындағы Словакия мемлекеттік университетінің докторы Мартин Кундрат.

    – Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік геология комитетінің стратеграфия партиясы Орталық Азияда жалғыз, – деді стратеграфиялық партияның жетекші геологы Юрий Федоров. – Екі ел арасында қабылданған меморандумға сәйкес, біздің тараптан экспедиция мүшелерінің толыққанды қызмет етуі үшін қажетті жағдайлар жасалды. 8-10 күнге созылған ғылыми ізденіс бүгінде өз жемісін берді, Жырақұдық шатқалынан бірнеше бірегей геологиялық және палеонтологиялық қазбалар табылды.

     Екі ел Өзбекстан мен Словакия арасында қол қойылған меморандумға сәйкес Жырақұдық шатқалында 5 жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Экспедицияның мақсаты жоғарыда айтылғандай, оны әзірге ғалымдар ғана болжап отырған оқиғаларды нақтылау арқылы Қызылқұм кеңдіктерінің орнында мұхит болғанын ғылыми негіздеу.

     Шынында да, Жырақұдық шатқалында және оның төңірегінде болған адам тарихи-табиғи ландшафтты көре алады: тасқатқан шығанақтар, акула тістері мен қаңқа сүйектері, ағаш діңдері, тіпті үйрек мұрынды динозаврдың қазылған жіліншік сүйектері. Мұның бәрі Қызылқұм өңірінің бір кездері мұхиттың бір бөлігі болғанын көрсетеді. Сонымен қатар, «Боқантау» шатқалындағы жартастағы суреттер, Жырақұдық шатқалындағы тасқа айналған ағаштар, тасқа айналған үйрек мұрынды динозаврлар, балтыр сүйектері, акула тістері де жаңғырық.

     Ұлы өзбек қаламгері Абдулла Қадыридің «Өткенге қарап еңбек ету жақсы» деген сөзінде өмірдің ұлы шындығы бар!

Райхан ҚАДЫРОВА,

O'qilgan: 342 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: