LOTIN-КИРИЛЛ

АТАСЫНЫҢ КӘСІБІ – ӨЗІ  МЕН ЕЛГЕ НЕСІБЕ

        Төрт түлік малдың қасиеті мен пайдасын біздің халқымыздан  жақсы білген әрі шаруашылықтың құндылықтарын  бағалаған. Ата – бабаларымыз төрт түлік малын ырысы мен берекесі, дәулеті мен байлығы деп тани отырып, мал өсіруді негізгі кәсібі ете білді. Қазіргі уақытта да мал шаруашылығы ауданымыз экономикасының негізгі салаларының бірі.

       Ауылшаруашылығы өніміне жаһандық сұраныстың ұдайы өсіп отыратыны сыр емес. Мал шаруашылығы жұмыстарын бүгінгі уақыт талабына сай өркендету және оны экономиканың табысты саласына айналдыру қашан да өзекті мәселе. Ауданымыздың Мыңбұлақ елді мекені жайылымдарында мал өсіруді кәсіп еткен фермер шаруашылықтар бұл саланың сан алуан қыры мен сырына қоса, пайдасы мен  шығыны көп екендігі де тілге тиек етеді. Өйткені шөлді аймақта жем-шөп, мал азығы  тасымалданады.

       Жылдың  төрт мезгілінде ауа-райының кез-келген жағдайында малға күтім жасап, несібесін теріп жүрген кейіпкерлеріміздің бірі Жасур Жораев.  Ол бүгінде «Темурбек-Файз» фермер қожалығының жетекшісі саналып, қарамағындағы 1200 бас уақ мал, 200 бас ірі мал мен 100 бас жылқыны өсіруде. Ата кәсіптің қадірін білген іскер фермер бүгінде базын сүтті малға толтырды.

       Бұхара облысы Шафиркан ауданы тумасы Жасур Жораев жастайынан мал өсірумен қатар әкесімен қасапшылықты да меңгереді. Қоғамға жақсылық жасаса даңдайсымайтын, ауыл шаруашылығы саласына сүбелі үлес қосуды ойлайтын кәсіпкердің бірі. Аймақтағы өзге фермер шаруашылығынан ерекшелігі логистикалық қызметті де тұрмысқа енгізіп, техникалары мен жүк көліктері арқылы жем-шөп жеткізіп, шетелден атап айтқанда Ресей мен Қазақстаннан асыл тұқымды сиыр, қой тұқымын әкеліп, бордақылап, шөлді аймақта шаруашылықты шалқыта түскен.

    «Темурбек-Файз» фермерлік шаруа қожалығы  мал басын көбейту мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып келеді. Жеңілдетілген несиелерды алу нәтижесінде төрт түлік басы былтырдан едәуір өскен.  өз ісінің шебері  Жасур Жораевтың бірге істесетін әріптестеріне берері көп. Көпсалалы фермер шаруашылығы басшысы жаңалықтарға құштар. Мал басын арттырумен қатар тұқымды асылдандыруға да ерекше ден қойған. өзінің көп жылдық еңбек өтілінде  мал дәрігерлерімен етене араласады. Әр саулық пен ірі малдар, жылқыларда тұрақты түрде маусымдық аурулардан сақтай отырып, құнарлы азық береді.

       2009 жылы ашылған фермер шаруашылығы арқылы өз отбасы мүшелерін тұрақты жұмыспен қамтып және жергілікті тұрғындарды сапалы  сүт, ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған Жасурдың атакәсіпке адалдығына қуандық. Еңбекқор азаматқа сәттілік тіледік. Әрине, мұның барлығы бір күнде немесе бір жылда іске аса қоймайтын шаруа.

      Қорыта айтқанда, ерінбеген адамға шөлді аймақта болсын  жасалар жұмыс, табылар табыс көзі де жетерлік. Біз осыны көп салалы кәсіпкер, шаруа тілін тапқан фермер Жасурдан байқадық. Әр түліктің қоңын байқап, жем-шөбін үзбей беріп, таң азанмен күн батқанға дейін оның төккен тері мен тынбай еткен еңбегінің нәтижесін көрер күн алыс емесіне сенім білдіріп, аудан орталығына кері қайттық.

 

Гулдана НАРИНБЕТОВА

O'qilgan: 361 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: