LOTIN-КИРИЛЛ

ШӘКІРТТЕР ЖЕТІСТІГІ - МЕКТЕП МӘРТЕБЕСІ

      Елімізді ұлы даңғыл жол өркениетке апарар жолда  -білім ошақтарының алар орны айрықша. Ұрпақтар зейінін зерделеп, кемелдікке кең жол бағыт көрсетіп келе жатқан кемеңгер ұстаздардың еңбегі -шәкірттерді ұлы жетістіктерге жетелейді. Білімге құштар, ынтасы берік, талапшыл шәкірт қана шыңдарды бағындырары хақ. Өлшеусіз еңбек, тынымсыз әрекеттің арқасында толағай табыстарға, зор жетістіктерге қол жеткізеді.

       Мектеп - елдің ертеңі болған өскелең ұл-қыздардың ұғым аясын кеңейтіп, асқар шыңдарға аттандыратын аялы орда.

Біздің 9-мектепте бүгінде бірқанша шәкірттеріміз білім мен өнер, спорт бәйгелерінде оқ бойы оза шауып, жүлделі жеңістерді қанжығаларына байлап, биік белестерден көрінуде. Мектебіміз мәртебесін асырып, абыройын асқақтатты.

       Олардың артында білікті ұстаздардың ұшан-теңіз еңбегі жатыр. Расында, шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, ұлы ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек. Сондай ұстаздарымыздың қатарында Алмат Жүнісов, ГүлзифаАбдиева, ГүлзатСерікбаева, НоржонСобирова, АмангүлБайымбетова, Дилафруз Жұмабаева сонымен қатар оқу істері бойынша директор орынбасары Қанзадалар Жарасбаеваны айрықша мақтанышпен тілге алған жөн.

2023-2024 оқу жылы біздің мектебіміз үшін табысты жыл болып басталды. Білімді шәкірттеріміз жоғары орындарды иеленіп, рекордтық көрсеткішті жаңалады.

       Осы оқу жылында пән олимпиадасының аудандық басқышында өзбек тілі пәні бойыншаАсылжанОпабеков, МақпалДавранова, АйнисаАвлиеқұлова, қазақ тілі пәнінен БалаусаАуғанова, ДианаЖанахметова, АртурӘнуарбеков, АльбинаЖамаладинова, ГүлдерайШамшадинова, орыс тілінен МаликаПердебековалар облыстық басқышқа жолдама алды. Ал былтыр жеңімпаз атанған оқушылар НұрсұлтанПердебеков, АйдынайМұзаффаровалар облыстық басқышқа тікелей қатынасты. Мектебімізден жалпы саны 11 оқушы қатынасып, солардан алтауы жүлделі 1,2,3 орындарды иеледі. 11-сынып оқушылары НұрсұлтанПердебековпен АльбинаЖамаладинова пән олимпиадасының республикалық басқышына жолдаманы иелесе, 11-сынып оқушысы ПеризатЖанайдарова Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай таяуда өткен халықаралық шығармашылық байқауында жүзге тарта шетелдегі шығармашыл оқушылардың ортасында ынталандыру жүлдесін жеңіп, зор қуанышқа бөледі.

      Сонымен қатар, мәдениет, өнер және спорт салаларында да қол жеткізген жетістіктеріміз жетерлік. Атап айтар болсақ, 8-сынып оқушысы АяжанEсбергенова Ташкент қаласында өткен Xалықаралық "Art Silk  way" атты бишілер байқауында Бас жүлдегер атанды. Ал 11-сынып оқушысы НұрғисаТағаймұратов 2023-жыл 16-22-қазан күндері Ташкент қаласында өткізілген Пауэрлифтинг спорты бойынша Өзбекстан чемпионатында жүлделі үшінші орынды,Асылхан Өтегенов жүлделі екінші орындарды еншіледі. Ал 3-сынып оқушысы ДарқанAлтынбеков Науаи қаласында спорттың самбо түрінен өткізілген облыстық чемпионатта жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады.

        8-сынып оқушысы ЖұлдызЖұбанышова облыс орталығында өткізілген дзюдо спорты бойынша екінші орынды, 9-сынып оқушысы ВалиНұрымханов екінші орындарды жеңіп алды. 6-сынып оқушысы Мейірлан Елмұратов таэквондо спорты бойынша “Науаи облысы кубогы” жарысында жүлделі бірінші орынды, АлинаАбдиханиева ояма киокушинкай каратэ спорты жарысында жүлделі екінші орындарды иеледі. Бес бастама олимпиадасының аудандық басқышында спорттың волейбол, стол теннисі, мини футбол түрлерінен мектебіміз командалары жүлделі орындарды иеленген болатын.

       Сонымен бірге, шәкірттеріміз өнерімен де биіктерді бағындырып келеді. “Камалак жұлдыздары” фестивалінің аудандық басқышында 8-сынып оқушысы, “Жас талант” ән үйірмесінің мүшесіДиас Алибаев Б-тобы бойынша жүлделі бірінші орынды иеленіп, байқаудың облыстық басқышына жолдама алды.Осы орайда Диастың ұстазы, үйірме жетекшісі ҚайратАхметовтың ерен еңбегі күшті екенін айтқым келеді.

      Және де аталмыш фестивалда8-сынып қыздар тобы би бағыты бойынша татар халқының биін билеп, жүлделі бірінші орынды, 5-сынып оқушысы Ерғалиева Балзия Д-тобы бойынша жүлделі бірінші орынды, ұлттық аспаптар бойынша жас домбырашы ШапағатКүзембаев жүлделі екінші орындарды еншіледі. Мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген білімді, өнерлі де спортшы оқушыларымызға мектеп ұжымы атынан алғыс айтамын.

       Сонымен бірге, осы мектепте қызмет жасайтын мектеп ұжымымдағы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін барша ұстаздар қауымына, арнайылап рухани-ағарту істері бойынша директор орынбасарыГүлайша Қожамұратоваға алғыс білдіре отырып,шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілемекпін.

      Алдағы уақытта тағыда оқушыларым мен ұстаздарымнан үлкен биік белестер мен зор жетістіктер күтемін. Мақсатты жолда табандылық тілеймін, сәттілік серіктерің болсын!

 

РОЗА ЖҮСІПБЕКОВА,

9-мектеп директоры.

O'qilgan: 359 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: