LOTIN-КИРИЛЛ

МЕЙІРІМДІ МЕЙІРБИКЕ

Жылы сөз бен шипалы ем иесі – ауылдың қарапайым медбикесі. Дертіне дауа іздеген жанның қасынан табылып, кеселінен айығуына бар ынта ықыласын танытып жүргендердің бірі – құлқұдықтық медбике Палшай Рахметова. Рахметова Палшай 1969 жылы Құлқұдық ауылында дүниеге келген. Абай атындағы жалпы орта мектепті үздік бағамен бітірген жасөспірім Палшай 1988-1989 жылдары Төрткүл медициналық колледжінде жалпы тәжірибелік медбике мамандығы бойынша білім алады. Техникумды бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын туған жері Құлқұдық ауруханасынан бастап, осы күні аудандық медициналық бірлестіктің педиатр кабинетінде балалар медбикесі болып еңбек етіп келеді. Педиатрлық медбикелер нәрестелерді, балаларды және жасөспірімдерді емдеуге және оларға күтім жасауға қатысатын сала. Бұл мейірбикелік іс-шаралардың ең сұранысқа ие бағыттарының біріне айналды. Мейірімді табиғатқа ие және балалармен бірге болуды ұнататын адамдар балалар медбикесі бола алады. Негізгі жауапкершілік – пациент яғни бүлдіршіннің, жасөспірімнің денсаулығын күту. –Мамандығымды мақтан етемін. Адамдарға, әсіресе ана мен бала денсаулығын қорғауға атсалысып, көмектесу – абыройлы іс, – дейді ақ халатты абзал жан бізбен сұхбатында. Өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарап, уақытпен санаспай, еңбектің тайқазанында ысылған 34 жылдан бері медбике міндетін атқарған кейіпкеріміз науқастарға мейірім көрсету, қателік жібермеу екенін біледі. Палшай Рахметова – дәрігердің сенімді серігі, емделушілерге ем-шара жасау кезінде мейіргерлік көмек көрсетуде алдына жан салмайтын тындырымды медбике. Бүгінде Палшай қызмет етіп жүрген ұжым ауданда нәрестелер мен бүлдіршіндердің денсаулығын жіті қадағалап, аурудың алдын алу үшін оларға екпе салып, қамқорлық жасайды Үнемі жұмыс барысында жүретін медбике қызметінен тыс уақытта өз жанұясының, балаларының қасынан табылады, ол үш перзенттің анасы. 1990 жылы өмірлік жолдасы Тельман Қожаназаровпен бас қосып, 1991 жылы туған Арнұр, 1993 жылы Ерхан, 1999 жылы туған Балерке есімді перзентін тәрбиелеп, отбасы мен жұмысын үйлестіріп, үлгіріп отыр. Кейіпкеріміздің енесі Дана апа Жанқұбылова да медбике, қайын атасы қайтыс болғанда көп балалы отбасының үлкен келіні енесіне жақыннан қолқабыс жасаған. Отбасының үлкен келіні Палшай отағасы Ерханнан кейінгі 6 ұл-қызды оқытып, үйлі жайлы етіп, үйлендірді. Қауырт қызметтегі кейіпкеріміздің үйінен қонақ арылмайды. Бұл отбасында ақ дастархан үнемі жайылып, ағайын-туыстың құтты мекеніне айналғаны көпке үлгі. «Қарты бар үйдің перісі бар» дегендей, қарт ананы көруге келтін ағайын-туыс, ауылдастар Палшай апаның қонақжайлылығына дән риза. Отбасымен қоса халық саулығы үшін аянбай қызмет етіп жүрген медбике сүйікті мамандығының арқасында әлі де талай алғысқа бөленетіні сөзсіз. Қараша айының екінші жексенбінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Ал, біз өз тарапымыздан ақ желеңді абзал жан Палшай Рахметованы төл мейрамымен шын ниетпен құттықтап, алдағы уақытта тек табысқа кенеле беруін тілейміз. Гулдана НАРИНБЕТОВА
O'qilgan: 388 bora O'zgartirish kiritilgan san'a 12 Nov 2023

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: