Ауыл әйелдерінің бүкіләлемдік күнін атап өту идеясы 1995 жылы Бейжіңде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының 4-ші әйелдер конференциясында ұсынылды және сол жылдан бастап атап өтіледі.
Ауыл әйелдері жер шары тұрғындарының төрттен бір бөлігінің астамын құрайды. Олардың азық-түлік өнімдерін өндіруде, ауылдық жерлердің тұрақты дамуында рөлі жоғары. Олар көп жағдайда өздерінің жерге деген құқықтарын қорғай алмайды, медициналық қызмет, несиелер және білім сынды өмірлік маңызды қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктері жоқ. Әлемде ауылдық жерлерде тұратын 500 миллион әйел кедейшілікте өмір сүреді. Олардың қоғамға салып жатқан өмірлік үлестері көптеген елдерде елеусіз қалып келеді.
Жыл сайын 15 қазан күні атап өтілетін Ауыл әйелдерінің бүкіләлемдік күні ауыл әйелдеріне шексіз қарыздар екендігімізді және олардың еңбектері қажетті екендігін қоғамның есіне салуға үндейді.
Әйелдерқауымыбарлықсаладабелсенді. Ел дамуында өзіндікқолтаңбасынайшықтап, жақсынәтижелергеқолжеткізіпкеледі. Әсіресеауыләйелдерікәсіпашып, барлықсаланыңкөсегесінкөгертіпжүр. ҚазірҮшқұдық ауданындағы ауылдардыңжағдайыжақсы. Жұмысістеймін, кәсіпашып, ісіндөңгелетемдегендерге қолдау бар.
Жәмила Жаманшаева – бір отбасының жұмысын дөңгелетіп отырған іскер келіншек. Таң ата салысымен мал қораға асығатын ол күніне бірнеше сиыр сауады. Төрт түліктің тілін тауып, ауыл тірлігін үйіріп әкетуді енесі үйреткен. Шалқар ауылы Бірлік көшесі 31 үйде тұратын жәмила 3 перзенттің анасы. Қазіргі күнде зейнеткер, төрт немеренің әжесі. Кейіпкеріміз малға жемшөп беріп, қой бағатын көмекшілері перзенттері мен немерелері бар екенін айтады. Ал өзінің міндеті – сиыр сауу. Күнделікті үй тірлігімен айналыстын Жәмила Жаманшаева нан пісіру мен егіске қарауды да әдетке айналдырған. Бүгінде төрт түліктің тілін түсінетін ол қазіргі өмірі өзіне ұнайтынын айтады. Тіпті, қорадағы мал ауырып қалса, қажетті ем-дом жасай береді екен.
Сырмақ сыру, құрақ құрап, ою ойып, текеметке түр салу, орамалдың шетін кестелеп, жабуға тор тоқу — мұның барлығы аналар мектебінің тәлімі мен тәжірибесі арқылы кешеден бүгінге жеткен өнер түрлері. Жас қыздар аналарының жанында жүріп, инесін сабақтап отырып-ақ біраз жәйтті көкейлеріне түйген. Солардың бірі — Инабат Айдарқызы. Үш баланың аяулы анасы Инабат Санақұлова Шалқар ауылы Бірлік көшесі 57 үйде жасайды. Зейнеткер апамыз қолөнерден бөлек дүкен ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға сол арқылы отбасын қосымша табыспен қамтамасыз етуде. Оның тікен оюлы, құрақ көрпеше-жастықтары көздің жауын алады. Бос уақытында Ианабат Айдарқызы қой жүнін сабап, ұршық иірумен айналысады. Көпке үлгі, отбасының ұйытқысы бола білген Инабат Санақұлова Шалқар ауылдық азаматтар жиынындағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Тағы бір кейіпкеріміз Әсем Сыбаева өз анасынан тор тоқу, қыздарына қонымды етіп көйлек пішу, құрақ құрап, сырмақ сырғанын көріп өсті. Үйдегі қыздардың үлкені болған соң, жастайынан бауырларына бас-көз, анасына қолғанат болды. Шалқар ауылы Көркем көшесі 18үйде жасайтын Әсем Таспенбайқызы үш перзенттің анасы. “Әйелдер дәптеріне” енген Әсем Сыбаеваға жуырда субсидия қаражатына тігін машинасы және мата торлауға арналған торлағыш машина – оверлок алып берілді. Қазіргі күнде тапсырыс арқылы киім-кешек пен тұрмыстық бұйымдар тоқып, тігетін от отбасына қосымша қаржы кіріуіне өз үлесін қосуда.
Гулдана НАРИНБЕТОВА