LOTIN-КИРИЛЛ

АУДАНДЫҚ АРҒАРТУ САЛАСЫНЫҢ АЯУЛЫ АЛМАГҮЛІ

    Ұстаз алдын көрмеген жан жоқ. Өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі мұғалімдер өңірімізде баршылық. Солардың бірі – Шалқар ауылының тұрғыны, ардақты ана, сүйікті әже, зейнеткер-ұстаз Алмагүл ӘбдікәрімқызыТоғанасова. Жақсы ұстаз өз жолын қуатын  шәкірт тәрбиелеп, ұстаз бен шәкірт арасында үзілмес сабақтастық орнатқанда ғана ұстаздың есімі ұрпақтан ұрпаққа таралары сөзсіз.

     Аудандық білім беру жүйесінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, саналы ғұмырын халыққа білім беру саласына арнаған Алмагүл  Әбдікәрімқызы 1952 жылдың  1-қаңтарында  Бұхара  облысы Мыңбұлақ ауылында  дүниеге келген.  1968 жылы Абай атындағы орта  мектепті  бітіріп,   Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық  институттың орыс тілі факультетіне оқуға  түседі. 1973 жыл институтты  үлгілі бағалармен аяқтап, Мыңбұлақ ауылындағы орта мектепте орыс  тілінен сабақ беріп, ұстаздық жолына қадам қояды.  1976 жыл Үшқұдық қаласына  №7  мектептің  орыс тілі мұғалімі, 1982 жылдын бастап  Шалқар ауылындағы Шохан Уәлиханов атындағы мектептің орыс тілі пәні оқытушысы болып қызмет етеді.

     40 жыл ұстаздық еткен Алмагүл  Әбдікәрімқызының тәрбиелеген шәкірттері байқауларда тек қана  жүлделі орындарды иелеп, мектеп абыройын асқақтатқан. А.Тоғанасова әр жылдары өтетін түрлі деңгейдегі аудандық сайыстардың әділқазы алқасы болып білім саласы жұмыстарына белсенділік танытқан. Аудандық мұғалімдер конференцияларына, облыстық мұғалімдер жиналыстарына делегат болды.Білім беру саласында табанды еңбек етіп, жоғары көрсеткішке жеткен ауылдың ұлағатты ұстазы, абыройлы әріптес, жастарға үлгілі парасатты педагогтің еңбегі еленіп, 2002 жыл «Соғлом авлод учун» орденімен марапатталды. Өз уақытын аямай,  шәкірттеріне өмірлік азық болар тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік тұрғыда бағыт-бағдар бергені үшін  қоғамдық өмірдегі белсенділігі мемлекет тарапынан осылай лайықты бағаланды.

     Ауылдың ардақты қариясы, қоғамда әрбір отбасының бірлік-берекесін тілейді.  Өмірі өнегемен өрілген ұлағатты ұстаз Алмагүл апай жолдасы .... екеуі отбасының берекесін айрандай ұйытып, төртперзент өсіріп, тәрбиеледі, ұлағатты ұстаз  бүгінді 13 немере мен  шөберенің қызығын көруде. Мереке қарсаңында ауылдағы мерейлі мұғалімге зейнет жасыныңыз құтты болып, ұрпағыныңызбен мың жасаңыз деп тілек айтамыз!

O'qilgan: 413 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: