Оқытушы – тыңдаушының жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы.
Ауданымыздағы жоғарыдағы сипаттарға ие оқытушылардың бірі Нұрсипат Асанқызы. Н.Бозаева 2013-2017 жылдары Науаи мемлекеттік педагогика институтының шет тілдері факультеті қазақ тілі және әдебиеті бөлімін бітірген. Өз кәсіби қызметін Науаи облысы Үшқұдық ауданы №4 мектепте 2017 жыл тамыз айынан бастады. Қазіргі күнде осы тәлім мекемесінде өз педагогикалық қызметін абыроймен атқарып келуде.
Осы уақыт аралығында біршама жетістіктерге қол жеткізіп, білікті маман, өз ісінің шебері болып шыңдалды. І санатты жетекші ұстаз атағына ие болды.
Кәсіби мамандығын жан - жақты меңгерген педагог бүгінде әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленуде. Адамды бір нәрсеге үйретудің ең жақсы жолы оның рухани қабілеттерін ашып, соларды дамыту болып табылады емес пе? Осындай ізгілікті оқушылар тәлім-тәрбиесіне сіңіріп жатқан Нұрсипат Асанқызын төл мерекесі –«Ұстаздар мен тәлімгерлер күнімен» құттықтап, ізгі тілектерімізді білдіреміз.