Жуырда «Юлдузча» мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымының «Заманауи педагогикалық технологияларды енгізуде ұйым қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.
Семинарда 5-санды мектепке дейінгі білім беру ұйымы тарапынан дайындалған тәрбиешілер С.Розиева, Д.Бахшуллаева, логопед М.Хамидова, психолог С.Холбоева, дене шынықтыру нұсқаушысы Г.Рахматова өз салалары бойынша тренинг сабақтарына қатысты. Әсіресе, «Табиғат-Ананы аялайық» атты сазды бағдарлама көрермендердің көңілін көтеріп, бүлдіршіндердің қойылымдары табиғат-анаға деген сүйіспеншіліктің балалық шақтан басталатынын, оны әр адамның көздің қарашығындай қорғау керектігін паш етті. Семинарға мектеп және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің қызметкерлері және барлық мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымының директорлары мен мамандары қатысты.
***
«Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, инновациялық идеяларды құру» тақырыбындағы дәл осындай семинар да мектепке дейінгі білім беру ұйымының 1-санды «Каптарча» балабақшасында да ұйымдастырылды.
Тәрбиешілер И.Алдабергенова, З.Дустова, Г.Фахриева, логопед Д.Комилова тарапынан ұйымдастырылған ойын түрлері қатысқан қонақтардың көңілінен шықты. Семинарға қатысушылар балғындардың ритмикалық қимылдарды орындау шеберліктеріне тәнті болып, жылдамдыққа, үйлесімді қимыл жасауға баулыған тәрбиешілерге ризашылықтарын білдірді.