Өндіріс саласы дамыған елдердің қатарында тұру әрбір мемлекеттің қолынан келе бермейтін іс. “Науайуран” МК “Учкудук” ІШО Геотехнология кенінде бүгінгі күнде 776 ке жуық жұмысшылар қызмет етуде. Геотехнология кені 60 жылдығына орай қағаз бетіне өндіріс саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарды түсіруді жөн көрдік.
Ошанов Майрамбек Садірбайұлы 1963 жылы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті ауылда тәмамдап, еңбек жолын 1994 жылы Геотехнология кенінен бастау алып, қазіргі күнге дейін өндіріс саласында 29 жыл көлемінде оператор қызметінде істеп келуде. Саналы ғұмырын өндіріс саласының қарышты дамуына арнаған азаматтың атын Геотехнология кені ұжымы да, аудан халқы да ерекше құрмет тұтады.
Шын тұлғаның әр заманда да жұлдызы биік болады. Өйткені шын тұлға ең алдымен айналасына мейірімін төге білуімен, адал¬дығымен, еркін ойлайтындығы¬мен, сол сияқты еңбекті ұйым¬дастыра білуімен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан келгенде Майрамбек ағаны сөз етуге де, үлгі етуге де жарайтын айтулы адамдар қа¬тарында аталады десек шындық¬тан ауытқи қоймаспыз.
«Ер адамның қандай да жетістігінің артында ақылды әйел тұрады» деген рас сөз. Адал жары атанған Баян апа ашық жүзді, жүрегі таза адам еді. Азаматының әркез бабын таба білген, қас-қабағына қарап қалауын түсінген қадірлі жан еді. Уақыт өз дегенін жасайды, қазіргі күнде Баян апа о дүниелік атанды. Жылы жүзін Майрамбек аға 2 перзентінің жанарынан көріп отыр, 3 немеренің мейірімді атасы. Ұлы Нұржас өнер жолын таңдап, қазіргі күнде Қазақстан Республикасы Астана қаласында білімін шыңдауда.
Геотехнология кені 60 жылдығына орай Майрамбек ағаның еңбегі еленіп, «Навоий КМК фахрийси» көкірек нышанымен марапатталды.
Ұжым ортасында жас буынға аға әрі ұстаз болған Майрамбек ағаның ғұмыр жолы кім-кімді де, әсіресе жас буынды бей-жай қалдырмасы анық. «Бейнет түбі – зейнет», «Еңбек – ердің көркі, Ер – елдің көркі» деген мақалдардың мәнісін жете түсінгендей боламыз.