ҮЗДІК ТЕМІРЖОЛШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ!
Науаи тау-кен комбинаты АҚ Солтүстік кен басқармасына қарасты теміржол цехі үнемі оң өзгерістер мен жаңа мазмұндағы жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Теміржол цехі өз жұмысын 1959 жылда 27 километр темір жол іздері мен 1 дана ТЭМ-1 үлгідегі тепловозбен бастаған еді. Содан бері, өндіріс ошағы теміржол тасымалының тарихын байыта түсті. Иә, экономиканың қозғаушы күші ретінде бұл саланың жыл сайын дамып келе жатқаны қуантады.
Елімізде бірнеше жылдан бері теміржолшылар қызметкерлері мерекесі жоғары деңгейде тойланып келуде. Мереке қарсаңында ауданымыздың теміржол цехі үздік қызметкерлері сараланып, оларға комбинаттың ең жоғарғы төсбелгілерін Солтүстік кен басқармасы директоры Неъматилло Ахатов өз қолымен табыс етті.
Төменде ең үздік теміржол қызметкерлерімен таныс болыңыздар:
II-дәрежелі “Кончилик шухрати“ төсбелгісімен - Олимжон Гадаймуродов. Олимжан Ғуломович 1974 жылы 22 желтоқсанда Науайы облысы, Қызылтепа ауданында дүниеге келген. Гиждуан ауданына қарасты 1-санды мектепті бітіріп, Ташкент теміржол училищесіне оқуға түседі. 3 жылдық оқуды бітіріп, машинист жәрдемшісі дипломымен 1999 жылы Солтүстік кен басқармасына қарасты теміржол цехіне жұмысқа орналасады. Қазіргі күнде теміржол цехі жылжымалы құрам қызметінің локомотив депосы тепловоз машинисті болып жұмыс атқаруда. Жұбайы Дилрабо Мансуровамен бірге 4 перзентті тәрбиелеуде.
II-дәрежелі “Кончилик шухрати“ төсбелгісімен - Жасурбек Қодиров. 1980 йил 26 наурызда Самарқанд облысы Пахташы ауданы Қоратепа ауылында дүниеге келді. Ауылдағы 30-санды мектепті бітіріп, 1997 жылы Когон қаласына оқуға түсіп, машинист жәрдемшісі дипломын иелейді. 1997 жылы Үшқұдыққа қоныс аударып, 1998 жылы Солтүстік кен басқармасына қарасты теміржол цехіне орналасады. Қазір теміржол цехі жылжымалы құрам қызметінің локомотив депосы тепловоз машинисті лауазымында жұмыс атқарып келеді. Жұбайы Мутабар Қодировамен бірге 3 перзентті тәрбиелеп келуде.
III-дәрежелі “Кончилик шухрати“ төсбелгісімен - Ғайрат Жураев. 1970 жылы 25 шілдеде Бұхара облысы, Вобкент ауданында туылған. 21-санды мектепті бітіріп, Ташкент теміржол техникумына оқуға түседі. 2000 жылы Солтүстік кен басқармасына қарасты теміржол цехіне дәнекерлеуші болып жұмысқа кіреді. Адал еңбегінің арқасында Эксплуатация қызметі “Орталық-руда” және “Руда-1” станциялары бастығы лауазыма дейін көтеріледі. Жұбайы Дилбар Зикруллаевамен бірге 2 перзенттің ата-анасы, 4 немеренің ата-әжесі.
III-дәрежелі “Кончилик шухрати“ төсбелгісімен - Анвар Тилавов. Анвар Ахматович 1975 жылы 29 қазанда Науайы облысы, Қызылтепа ауданында дүние есігін ашты. 21-санды мектепте оқып, Бұхарадағы құрылыс техникумына оқуға түседі. 1997 жылы Үшқұдық ауданына қоныс аударып, 2002 жылы теміржол цехінде өз еңбек жолын бастайды. Жұбайы Гулчехра Муминовамен бірге 2 перзентті тәрбелеп өсірді. Немересінің сүйікті атасы Анвар аға қазіргі күнде теміржол цехі жолдарда техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметінің бригадирі қызметінде істеп келуде.
Сондай-ақ «Науаи тау-кен металлургия комбинаты АҚ ардагері» медалімен - Равшан Исмоилов. Равшан Тоирович 1968 жылы 29 шілдеде Науайы облысы, Хатыршы ауданында туылған. Аудандағы 11-санды мектепті бітіріп, Ташкент қаласы Зангиота ауданына қарасты ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түседі. Оқуды бітіріп, 17 ақпан 1995 жылы Үшқұдық ауданына қоныс аударады. 1996 жылы Солтүстік кен басқармасына қарасты теміржол цехінде еңбек жолын бастап, қазіргі күнде цехте жылжымалы құрамға қызмет көрсететін вагондардың бақылаушысы-жөндеушісі болып жұмыс атақаруда. Жұбайы Дилфуза Исмоиловамен бірге 3 перзент тәрбиелеп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, балаларынан 3 немере сүйіп отырБолат жолда тер төгіп жүрген азаматтар тәуліктің 24 сағатында кірпік қақпастан қозғалыс қауіпсіздігін еңсеруде – қыстың аязында, жаздың аптап ыстығында еңбек етеді. Сіздер бүгінгі күні теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып келесіздер. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктеріңіз бен сүбелі үлестеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз. Осы мерекелі күнде Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілейміз!
Мөлдір БҮРКІТБАЕВА
тілші.