LOTIN-КИРИЛЛ

ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

    Мемлекетімізде сан ғасырлар бойы түрлі ұлттар мен ұлыстар, мәдениет пен діннің өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келгені белгілі. Қонақжайлылық, мейірімділік, жүректің кең пейілділігі, шынайы төзімділік халқымызға қашанда тән қасиет.

   Тәуелсіздік жылдарында елімізде этносаралық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңі басталды. Адамгершілік мәдениетін дамыту, ұлтаралық келісімді нығайту, осы негізде өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық рухында тәрбиелеу Өзбекстанда мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындалды. 

    Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Олар ортақ үйіміз – Өзбекстанды өркендету жолында бір кісідей жұмылып, барлық салаларда аянбай еңбек етіп, нарықтық экономикасы дамыған, азаматтық қоғамы күшті демократиялық құқықтық мемлекет құруға лайықты үлес қосуда.

    Конституциямызбен заңдарымызда Өзбекстан Республикасының барлық азаматтары ұлтына, тіліне және дініне қарамастан тең құқық пен бостандықтарға ие екендігі бекітілген. Әрбір ұлт өкілдеріне ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Елімізде 16 конфессияның діни ұйымдары еркін жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру орталықтарында оқыту 7 тілде жүргізіледі. Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясы, газет-журналдарды қосқанда 12 тілде хабар таратады.

   Үшқұдық ауданыда көп ұлтты аумақ болып есептелінеді. 40 мыңнан артық халқы бар мекенде 30-ға жуық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, Өзбекстанның дамуына лайықты үлес қосып жатқан қазақ, орыс, қырғыз, тәжік және басқа ұлт өкілдерінің қуанышында шек жоқ. Иә, алтын қаламызда қазақ тілінде білім беретін екі орта мектеп бар болғаны, сонымен қоса ауыл аймақтарда да мектептер қазақ тілінде тәлім алып барылып, онда жастардың білім алуы үшін барлық жағдай жаратылғаны мемлекетімізде әрбір ұлт өкілінің келешекке деген ұмтылысын күннен-күнге арттыруда. Қызылқұм жауһарына айналған – Үшқұдық ауданының тарихына назар аударсақ, 1953-1955 жылдары келген геологтар пайдалы қазба байлықтары бар екенін анықтап, зерттеу жұмыстарын бастайды. Осылайша біртіндеп тұрғын үйлер құрылып, кәсіпорындар мен ұйымдар ашылып,1958 жылы Үшқұдық қорғаны құрылды. Сол жылдан бастап Қызылқұмның ұлан-ғайыр шөлейттерінен шыққан қайсар да жанқияр түрлі ұлт өкілдері ел экономикасына маңызы зор жер асты байлықтарын іздеп тапты. Тек қана кен саласында ғана емес, экономиканың түрлі салаларында, білім, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет сияқты әлеуметтік салаларда да жемісті еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне, тәуелсіздігін нығайтуға, халықаралық аренада республиканың беделі мен абыройын арттыруға лайықты үлес қосып келеді.

   30-шілде - Халықтар достығы күні – елімізде тұратын көп ұлтты халқымыздың татулығы мен келісімін қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігердің символдық көрінісі. Болашақ жастарымызды түрлі мәдениеттерге, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет рухында тәрбиелеуде бұл мерекенің маңызын салыстыруға болмайды. Ендеше, бұл күнді салтанатпен атап өту, ұлттық байлығымызды әлемге паш ету, халықтар арасындағы достық рухын дәріптеу баршамыз үшін үлкен мәртебе, үлкен жауапкершілік.

Абдулла КЕРУЕНБАЕВ,

«Достық» ордені иегері, еңбек ардагері.

 

O'qilgan: 575 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: