LOTIN-КИРИЛЛ

2024 жыл: Ұлу жылы қандай болады?

     Біздің жыл санауымыз  бойынша 2024 жылы ұлу жылы кіреді. Ал әр жылдың өзіне тән мінезі, ерекшелігі бар.

Әрбір жылдың өзіндік мінезі бар

     Ғұлама шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы он бесінші ғасырда жазған "Шипагерлік баян" кітабында жыл атауларына өз сипаттамасын берген.

"Сумақы — тышқан. Маңғаз — сиыр. Айбар — барыс. Секем — қоян. Сумаң — жылан. Тұлпар — жылқы. Иіртек — ұлу. Шопан — қой. Мешін — мешін. Айтақ — ит. Шақырауық — тауық. Қорысқы — доңыз", - деп жазды Тілеуқабылұлы.

      Зерттеушілердің айтуынша, ежелгі көшпенділер хайуандық күнтізбені қытайлардан қабылдап алған көрінеді. Алайда бұл күнтізбе толығымен көшірілмеген, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, Қытайда Маймыл жылы, көшпенділерде Мешін жылы деп аталады. Ал Айдаһар жылының Ұлуға айналуы туралы екі болжам бар. Қай уақытта да ауа райына тәуелді көшпенділер көбіне жазы қуаңшылықпен, қысы жұтпен есте қалған Қоян жылынан кейінгі жылға жауын-шашын мол болсын деген ырыммен сулы жерде өмір сүретін ұлудың атын берсе керек. Екінші болжам бойынша айдаһар қытай тілінде "лұн" деп аталады екен. Ұлу сөзі осы "лұн" сөзінен шығуы мүмкін.

Ұлу жылының ерекшелігі

Ұлу суда жүретін болғандықтан, бұл жылы құрғақшылық болмайды. Жыл тыныштықпен, береке-молшылықпен өткен. Түркі жұрты ұлу жылы астық, шөп мол болады деп жорамалдаған. Соған қарағанда бұл халық үшін жайлы, жұмсақ жылдар қатарынан орын алса керек. Ұлу жылы өте жайлы, жұмсақ жыл болып есептеледі. Стихиялық белгісі – ағаш. Бейбіт өмірді сүйетін, жайлы, тыныштықты жаны қалайтын, ақылды да зерек адамдар осы жылы туады деседі. Кемшілігі: тез ренжігіш, қырсықтау келеді.

Ұлулар туралы қызықты деректер

Ұлулар соқыр және саңырау. Олар тек жарық пен қараңғылықты ғана ажыратады. Ал бір-бірімен жанасу арқылы байланысады. Ұлулар орташа есеппен 15 жыл өмір сүреді.

Қызықты деректер:

қолайсыз жағдай кезінде 6 айлық ұйқыға кете алады;

бір минуттың ішінде 7 сантиметр қашықтықты жүріп өтеді;

ұрпақ қалдыру үшін серіктес қажет емес;

өз салмағынан 10 есе ауыр затты тасымалдай алады;

ұлудың етіндегі ақуыз мөлшері тауықтың жұмыртқасынан көп;

тістерінің саны кез-келген акуладан көп;

өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, шешім қабылдай алады;

ең үлкен түрі – австралиялық ұлу, салмағы – 40 кг, ал ұзындығы – 30 см дейін жетеді.

Эволюция теориясының негізін қалаушы Чарльз Дарвин, ұлулар кез келген жағдайға бейімделе алатын тіршілік формасы екендігін мәлімдеген.

Ұлу жылы туған ұлы тұлғалар

Бір мүшел сайын дүниеге келген кемеңгер Жер тұрғындарын ғаламшардың әр түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады.

Бұл тізімді шығыстың шайқы шайыры Омар Хайям (1048) бастаса, атақты жазушы, детектив жанрының негізін қалаушы Эдгар По (1810), әйгілі қаламгерлер Льюис Кэрролл (1832), Дж.Р.Толкиен (1892), Иосиф Бродский (1940), Максим Горький (1868) де ұлу жылы туған ұлылар қатарынан.

Ал әлемнің жаратылысы мен тылсымына көз тіккен философтар арасынан "фашизмнің рухани атасы" Фридрих Ницше (1844), коммунизмнің "көкесі" Фридрих Энгельс (1820), Освальд Шпенглер (1880), Жан-Жак Руссо (1712), әйгілі Иммануил Кант (1724) осы жылы дүниеге келіпті.

Саясатқа қатысы барлардың арасында өжет қыз Жанна д’Арк (1412), орыс патшасы Николай II Романов (1868), Америка президенті Авраам Линкольн (1810), Эрнесто Че Гевара (1928), көрші Владимир Путин (1952), Франсуа Миттеран (1916), Эдуард Шеварднадзелерді (1928) атауға болады.

(БАҚ материалдары негізінде дайындалды)

O'qilgan: 455 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: