Елімізде 22 желтоқсан Энергетиктер күні кеңінен аталып өтіледі. Мерекеге орай өңірлік электр желілері акционерлік қоғамы Науайы өңірлік филиалы Үшқұдық аудан электрмен қамтамасыз ету бөлімінің қызметтері туралы сөз етеміз.
Энергетика – бүгінгі таңда жаңа заман өмірінің күре тамырына айналды. Иә, электр энергиясынсыз өмір сүруді елестетудің өзі мүмкін емес. Осы қиын да қызық салада қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де үлесі орасан.
Бүгінгі күнде аудан электрмен қамтамасыз ету бөлімінде 41, “Энергосауда” аудандық бөлімшесінде 16, жалпы 57 қызметкер қажырлы еңбек етіп келеді.
Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысына негізделіп, биылғы жылдың есебімен “Айтым” махаллассына 7 темір-бетон бағандары, 140 метр, АС/35 ауа тармағы тартылып, 360 метр АПвПУ 1х95 мм маркалы 6 кВ жер асты кабелі тармақтары орнатылды. “Жолшылар” махалласы аумағында 18 темір-бетон бағандары, 1120 метр 6/0,4 кВ ауа тармақтары тартылып, реконструкция істері амалға асырылды. 2 трансформатор пункт, 1000 метр СИП 2х16 мм маркалы кабел тармақтары, “Науайы” махалласына 360 метр 6 кВ кабел тармағы жаңадан қойылып, 1 ТП қуаты асырылды. Сондай-ақ “Мустақиллик” махалласында да 100 метр 0,4 кВ кабел тармақтары жаңартылды.
2024-2025 жылдарда күз-қыс маусымына дайындық көру және апатсыз өткізу мақсатында құрылған төтенше жағдай кезінде резервте 3 трансформатор, 500 л май, 300 м кабел, 70 м сым материалдар дайындалған.
2024 жыл қаңтар-тамыз айларында толық жөндеуден 18 трансформатор пункті, 0,4-110 кВ қуат беру тармағы жалпы 39,5 км, ағымдағы жөндеу істеріне 30 трансформатор пункті, 0,4-110 кВ қуат беру тармағы жалпы 240,1 км болып, аудан электрмен қамтамасыз ету бөлімі 2024 жылдағы қорытындыларын 100 пайыз көрсеткішпен аяқтап жатыр.
Ауданымыз көлемінде 11987 электр қуатын тұтынушылар болса, содан 11203-і аудан тұрғындары, ал 784-і заңды тұтынушылар болып, жалпы 12721 есептегіш орнатылып, содан 1518-і заңды түтынушы, 11203-і халық тұтынушыларына дұрыс келеді. Есептегіштер 100 пайыз АСКУЭ тізіміне негізделген.
2024 жыл көлемінде 26 млрд 455 млн қаражат электр энергиясы үшін жұмсалған болса, содан 15 млрд 836 млн қаражатты көтерме тұтынушылар тұтынған. Ауданымыз тұрғындары мен кәсіпкерлер тарапынан 2282 кВтс/т қайта тіктелуші күн панелдері орнатылды.
- Халықтың өсуі мен өмір сүру деңгейінің артуына байланысты адамзаттың энергияға сұранысы жыл сайын артып келеді. Адамзаттың электр қуатына тәуелділігі уақыт өткен сайын артпаса, еш кеміген емес. Біздің сала – үйлерді жылытып, бүкіл өмірімізді жарықпен қамтамасыз ететін салалардың қозғаушы күші. Энергияға деген жаһандық сұраныс халықтың өсуі мен өмір сүру деңгейінің жоғарылауына байланысты бірте-бірте артып келеді, - дейді аудандық электрмен қамтамасыз ету бөлімі бастығы Молдабек Абдикаримов.
Құрметті энергетика саласының мамандары, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Энергетика саласы - ел экономикасының күре тамыры. Тұрғындарымыздың жайлылығы - сіздердің арқаларыңыз. Сондықтан еңбектеріңіз еленіп, мәртебелеріңіз өсе берсін. Үйіміз жылы әрі жарық болуы сіздердің елеулі еңбектеріңіздің арқасы.