LOTIN-КИРИЛЛ

АТПАЛ АЗАМАТТЫҢ САНАЛЫ ҒҰМЫРЫ жастарға өнеге

   Тауелбай аймағында аты аңызға айналған Ақберді Исаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ас берілді.  Ақтау ресторан айналасына топтасқан халық екеу ара,үшеу ара топтасып, Ақаң жайлы әңгіме өрбітті. Осы күні марқұм атамыз жатқан орнынан бір аунап тұрған шығар. Ас беру рәсімі өте жарасымды тартымды да қызықты өтті. Көл көсір дастархан, сый-сияпат, келген қонақты қуана күткен  ұл-қыздары, келіндері, күйеу балалары,ұрпақ жалғасы немере-шөберелер, жақын-жуық туысқандары аяқта жүгіріп қызмет етті. Айтылған марапат, ыстық сағынышты ықылас , жылы лебіздер, біз Ақаңның ұл-қызымыз, ұрпағымыз туысқанымыз, жақынымыз деген мақтаныш сезімдер байқалғандай. Аңыз адам Ақберді Исаев салтанатқа  қатысқандардың бірінің ұстазы, тәлмгері, бірінің тіреуіші, қолдаушысы арқа тұтар азаматы, қамқоршысы болғаны анық.  
Толғантқан ойдың тоқ етерін айтсам, ол кісі бәріміздің Ақаңымыз, тауелбайдың Ақберді Исаевы. Халқының бағына біткен өз заманының жұлдызы, Бүкіл тауелбайдың мақтанышы болатын. Аудан, облыс көлемінде түрлі басшылық жұмыста болған   өз, дәуіріндегі туелбайдың біртуар-бірегей азаматын әңгімеге  қосқан үлкен-кіші тауелбайлықтар  оның адамгершілігі, іскер талапшаң басшылығы, көпшіліке істеген жақсылығын айтып, өздерінің Ақаңмен ұшрасып, жолығысқан, бірге болған сәттерінен әңгіме шертті.
          Сөз алғандардың бірі Орталық кен басқармасының қосымша шаруашылығының  бастығы Ахметұлы Рүстем Ақаң туралы алдағы ағалардан есіткен ой пікірлерді баяндай келе, «Ақберді атам адаммен адамша шопанмен шопанша, кез келген маман иесімен маманша сөйлесе білетін» дей келе, есіткен бір қызықты оқиғаны тартымды  баяндап берді. 
Қазақстанның белгілі жазушысы Асқар Тоқамғанбетов ілгеріде ауданымызда болып, Ақаңмен көңілі жақын таныс болған екен. Бірде Алматыда үлкен форуым (мәжіліс өтіп) сол жерде екеуі тағы кездескен екен. Ақаң Тоқмағамбетовтен, үйдегі әйелінің хал-жайын тәптештеп сұрап мазалаған көрнеді.  Айнала толы үлкен атақты ақын жазушылар болса керек.
Асқар сасқалақтап «Иә, неғылмақ едің,- деп ауызға сөз салып бергендей болыпты.  Сонда Ақаң: “Сіз пәнилік болған соң әмеңгерлік жолмен қатын етіп алмақшы едім, -деген екен. Сол кезде А.Тоқмағанбетовтің Мәскеуге дейін сөзі өтетін, дәуірлеп тұрған ақын-жазушылардың бірі болған. Сөз тапқанға қолқа жоқ, деген екен.  Ақаңның осындай тапқырлығы мен қатар, ауыз батырлығы бар болатынын Тауелі жақсы білетін.
Керекті сәттерді қалт жібермейтін Ақаң, облыстық үлкен жиындар да да ешкімнен айбынбай өзекті мәселелерді көтеріп отыратын болған. Ақберді Исаев Тауелбайдың қайталанбас жарық жұлдызы. Ел бағына жаралған біртуар, тұлғалы асыл азаматы болатын, деп еске алды.
         Келген қонақтарға ас беріліп, еске алуға арналған спорттық шарарлар өтті.

Сүлеймен ЖҮСІПХАНОВ,
Өзбекстан журналистер одағының мүшесі.

O'qilgan: 213 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: