LOTIN-КИРИЛЛ

Қос елдің қазынасы

IMG 6191
Арғы-бергі тарихта билердің ділмарлығын, шешендігін салыс¬тыру үшін, арагідік тарихи туындыларға үңілемін. Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек секілді танымал билердің қатарындағы Әйтеке Байбекұлының шоқтығы биік. Әйтеке сөз алғанда өзге билер әңгімеге араласпайды екен. Ол, әрине, жасын, атағын сыйлағаннан ғана емес, Әйтекенің шешендігінен, әділ айтар өткірлігінен, айбарынан өзгенің ығып тұратынын аңдатса керек. Тіпті, Қаз дауысты Қазыбек, Төле, Әйтеке билер бір дауға байланысты жеке-жеке шешім қабылдағанда Әйтекенің сөзі оқтың міріндей шығады екен.

IMG 6225
Жуырда Нұрата ауданындағы Әйтеке бейітінің жанында киіз үй салынып би атаның есімі одан әрі ардақталды. Би бабаның басында құран оқылып, мінәжат жасалды сонымен қоса халыққа ас берілді. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысынан келген жұрттан бөлек, Қазақстан Республикасының «Айғақ» теларнасы өкілдері сондай-ақ Өзбекстанның әр түкпірінен қонақтар жиналды. Ағылған көш, ақтарылған пейіл, көл-көсір қуаныш, бәрі-бәрі ұрпақтар сабақтастығының мәңгілік екенін танытып тұр.

IMG 6250
Қазақстан Республикасынан Жалаңтөс қоры төрағасы, қоғам қайраткері Нажмадин Мусабаев сөзге шығып қос елге де тел ата болған Әйтекенің тарихтағы орнын айшықтап, бүгінгі күн қос ел арасындағы достықтың нығая түсуіне себепші болғанын атап өтті.
— «Өлі риза болмай, тірі байымайды» демекші, ата-баба рухына құран бағыштап, ағайындармен араласқанның кейінгі жастарға берер тәрбиелік мәні зор. Аллаға шүкір, балам Ернар Айдардың еңбегінің арқасында міне бүгін Нұрата ауданына киіз үй салынып, халыққа ас берейін деп жатырмыз. Екі елдің достығы мәңгілік болсын, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын дейді, - Жаңабай Айдарұлы.
«Басың бірігіп ас ішпесең, басың бірігіп ел болмайсың» дегендей шараның жалғасы ас берілумен жалғасты. Осы шараны ұйымдастыруда атсалысқан азаматтарға сый-сыяпаттар мен алғыс хаттар берілді.

Өз тілшімізден.

O'qilgan: 437 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: