LOTIN-КИРИЛЛ

ДАНА АБАЙ, ДАРА АБАЙ!

    Өзбекстан Республикасы Уәзірлер Мекемесінің 2022 жыл 26     қарашадағы 272-санды баяндамасына негіздеп, Өзбекстанда Абай Құнанбаев мұрасы күндеріне арналған «Абай Құнанбаев шығармашылық мұрасының өзбек-қазақ халықтары достығының нығайтудағы орны» тақырыбында Үшқұдық ауданы «Алтынтау» ауыл азаматтар жиынында әдеби шара болып өтті.

   1-санды мектеп алдында Абай Құнанбаевтың ескерткішіне Үшқұдық ауданы әкімі және де мекеме өкілдері тарапынан гүл шоқтары қойылып, кештің екінші бөлімі ауылдың мәдениет үйінде жалғасын тапты.

    Кешті Үшқұдық ауданы әкімі Соли Хамроев ашып беріп, адамның өмірін көркейтетін, мән-мағынасын арттыратын, жақсы күнінде қуанышына қуаныш, шаттығына шаттық қосатын, жаман күнінде асқар тау бола алатын ғажайып – бұл достық екенін өз сөзінде айтып өтті.

    2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылы, 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы деп аталуы біздің ортақ тарихымыз бен ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан бай мәдени мұрасымен дәлелденген халықтарымыз арасындағы бауырластық байланыстардың жарқын көрінісі.

    Ұлы ағартушы ақын-ойшыл, халықтар достығының жалынды жыршысы Абай Құнанбаевтың ардақты есімі мен бай шығармашылық мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі халықтарының, соның ішінде өзбек халқының да жүрегінде сақталып келеді.

   Шарада қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармаларынан мектеп оқушылары үзінділер оқыды, соның ішінде «Үшқұдық» мәдениет үйінің өнерпазы Нұржан Дәулетовтың орындауындағы «Көзімнің қарасы» әні қалың көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қоса Абай Құнанбаевтың қара сөздері екі тілде өзбек және қазақ тілдерінде жатқа айтылды. 

    177 жыл бойы бірегей туындыларымен қазақ халқының даңқын әлемге таратып келген Абайдың әдеби мұрасы, озық философиялық ойлары, ұлы жасампаз идеялары – Отанға, адамға, табиғатқа, өмірге арналған биік рухани дүние, түркі халықтарының жүрегінен мәңгілік орын алған.

 

O'qilgan: 421 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: