LOTIN-КИРИЛЛ

Мақсаты айқын Ғабиден

     Қай-қай істі бастағанда айқын мақсат пен тәуекелге бел буып, бар күш-қуатыңды соның жолына салсаң, ешқандай еңбектің еш кетпейтінін көпшілігіміз жақсы білеміз. Алған бетінен қайтпай еңбектің көзін тауып, әке жолымен келе жатқан ауданымыздың азаматы Алтыбаев Ғабиден Байназарұлы бүгінгі мақаламыздың кейіпкері.
     Ғабиден 1991 жылы Үшқұдық ауданында қарапайым отбасында дүниеге келді. Үш ұл тәрбиеленген жанұяда Байназар аға балаларына тек әке емес, өмірдегі тәлімгері бола білді. Балаларына өз мақсатына жету жолында шыдамды әрі табанды болуды үйретті. Соның арқасында Ғабиден мектепті бітіріп, аудандағы тау-кен коллежінде білім алып, 2010 жылдан бастап 3-санды Гидрометаллургия заводының ірі майдалау цехіне жұмысқа орналасады. Әкесі Байназар ағаның заводта ұзақ жылдар бойы еңбек еткені Ғабиденнің бұл салаға келуіне түрткі болды десек артық айтпаған боламыз. Мақсаты айқын жас маман білімін шыңдау үшін 2018-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарағанды техника университетінде оқып, өз саласының мықты маманы болды.
    – Жұмыстың оңайы жоқ. Бәрінің өзіне тән қиындығы болады. Сол сияқты бұл сала да жауапкершілікті талап ететін іс. Әкеммен бірге Ғайбулла Адинаев, Сафар Эгамов сынды осы саланың майталмандары ұстаздық етіп, тәжірибелерімен бөлісіп отырды. Әсіресе бүгінгі күнде ірі майдалау цехінің меңгерушісі Эркин Боймуродовтың кеңестері кәсіби өсу жолымда өз орнын ойып тұрып алған,-дейді Ғабиден Байназарұлы.
Ізденімпаздығы, еңбексүйгіштігі арқасында Ғабиден Байназарұлы бірталай жетістіктерге жетті. Бүгінгі күнде ірі майдалау цехінде ауысым ұстасы болып, өзіне жүктелген тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындап келуде.
     Кейіпкеріміз өмірлік жары Аягөз екеуі үлгілі отбасылар қатарын көбейтіп, үш ұлына тағылымы мол тәрбие беріп, білім алып, болашаққа құлаш сермеулері жолында бар мүмкіндікті жасап отыр.
     Бір басында тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар сан қасиеттер тоғысқан, сонысымен де ұжымының ортасында абыройлы азамат болып есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген Ғабиден Байназарұлына отбасылық бақыт, өмір жолында еңбексүйгіштік, нағыз азаматтық қасиеттерге ие тұлға ретінде ауданымыз халқының игілігіне бөленіп жүре беруін тілейміз.

Мөлдір БҮРКІТБАЕВА,
тілші.

O'qilgan: 164 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: