LOTIN-КИРИЛЛ

ЕҢБЕККЕР БЕЙНЕСІ

 

Мал дәрігері болуды кейбіреулер сәннен қалған мамандық деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес, мал дәрігері – сұранысқа ие мамандықтың бірі. Мал дәрігерлері жан-жануарлардың ауруларын емдейді, әртүрлі аурудың алдын алу үшін екпе салып, қажет болғанда ота жасайды, малдан алынған ет, сүт, жүн және адам қажеттілігіне керек тағы басқа өнімдерге бақылау жүргізіп, осы өнімдердің жарамды-жарамсызын айырады. Мамандар арасында «Медицина – адамды емдесе, ветеринария – адамзатты емдейді» демекші, ветеринария ауданымыз экономикасы және ауыл шаруашылығы үшін де маңызды сала. Дегенмен, жан-жануарларға қамқорлық жасау ұнайтын жан болса ғана бұл мамандықты таңдай алады. Жұмыс барысымен күні бойы аяғынан тік тұрып қызмет қылу, ұзақ жүріс-тұрысқа шыдамды болу, әрбір жануардың өзіне тән исіне төзу екінің бірінің қолынан келмейді. Бүгінгі кейіпкеріміз осындай жауапкершілікті мойынға алып, өз мамандығын сүйіп істейтін аудандасымыз, ветеринария саласының білікті маманы - Рая Молдамұратова. 

Рая Молдамұратова 1968 жылы Тамды ауданында туылған. Орта мектепті бітірген соң 1985-1987 жылы Тамды аудандық кәсіптік училищеде ветфельшер мамандығы бойынша білім алады. Шаруаға бейім ауылдың өжет қызы отбасында мал ауырса жанұя мүшелері де қыстың суығында, жаздың аптабында әбігерге түсіп, әр уақ мал үшін шаш-етектен шығынға батып қана қоймай, адамға да жұғып, халық өміріне қауіп төндіретін жастайынан түсінген болатын. мамандықтың қыр-сырын үйренген Рая апа ауылда бұл мамандықпен бірден жұмыс жасаған жоқ. Отбасылы болып, 3 баланы тәрбиесімен айналысып, алдын ауыл мектебінде 8 жыл кітапханашы болып жұмыс істейді. Мектепте тәрбие-ағарту ісімен етене айналысып, жас ұрпақты кітапқа баули отырып, өз мамандығы бойынша шаруашылыққа байланысты кітаптардан толық теориялық білімін нығайтады. 

2016 жылы Үшқұдық ауданына қоныс аударып, аудандағы мал дәрігерлік және ветеринария бөлімінің Алтынтау-Мыңбұлақ ауылдық пунктіне ветфельдшер болып орналасады. Негізінде әр мамандықтың өз қиындығы болады. Мал адам сияқты қай жері ауырып тұрғанын айтпайды. Маманның өзі барып көріп, тексеріп айтуы керек. Өткен уақыт аралығында өз мамандығының қыр-сырын терең меңгерген Рая Молдамұратова Алтынтау елді мекеніндегі 90 астам отбасындағы шаруа малдарына, Мыңбұлақ ауылындағы 80-нен астам жанұяның, қос ауылдағы 35-тен астам фермер шаруашылықтарының уақ малдарын және ірі қараларын қарамағына алған. Ауылдағы мал дәрігерлік пунктті жоғары білімді ветврач маманы Айбек сайдуллаев, санитар қызметкер Мадина Абуовамен тұрақты түрде шаруа жайын бақылауға алған. Вакцинация кезінде төрт түлікке аурулардың алдын алуда екпе егіп, қора-қопыда дизенфекция жұмыстарын жүргізеді. Маусымдық мал аурулары – аусыл, Қырым-Конго гемморогиялық ысытпа, күйдіргі, құтыру тағы да басқа аурулардың алдын алуда ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын алып барып, профилактика шараларын өткізуге атсалысады. Ауру малдарды анықтап оны дауалап, дәрі шанышады. Жылына екі рет, көктемде және күзде ірі қара малдарға вакцина салады және қан талдамасын алып, тексереді. Ірі қара малдар көбінесе көктем мезгілінде көп ауырады. Сырттан келген ірі қара малға сырға салып, паспортын дайындап, вакциналарын егіп, күнделікті бақылауға алады.    

Еңбек жолын мамандығына сәйкес бастап, ветеринарияның белді адамына айналған Рая кейіпкеріміз көпшілікке керек адам болды. Біліктілігімен әріптестерінің арасында сый – құрмет иеленді. Бүгінде отбасының ұйытқысы, аяулы жар ардақты әже атанған Рая анамыз өмірлік жолдасы Нартай Жанәлиевпен екі ұл, бір қыз тәрбиелеп, 6 немерені сүйіп отыр. Шаңырағында қазыналы қарт өз енесі Жамал әжейдің қызметін қылып, өз сүйікті мамандығымен айналысып жүрген кейіпкеріміз «Қазір баяғыдай емес, мамандығымызға деген сұраныс көбейді. Бұл да болса бір жақсылықтың нышаны шығар, – дейді. Әріптестердің айтуынша Рая Молдамұратова өзінің лауазымдық міндеттерін кәсіби түрде орындайды, бұған өз ісін жақсы білу және жақсы көру, практикалық тәжірибе және жұмысқа деген жауапкершіліктің жоғары деңгейі ықпал етсе керек.

Ауыл тұрғындары кейіпкеріміз Раяға ерекше құрметпен қарайды, ол күннің кез-келген уақытында төрт түлікке білікті көмек көрсетуге әрқашан дайын екенін айтады. Рая Молдамұратова шәкірт дайындап, жоғары оқу орнын аяқтаған Бақтияр Тобашаров, Майра Омарова, Мадина Абуова, Дилдара Урунова, Мадина Тәжиева, Озод Махмудов сынды жас мамандарды ветеринарлық қызметке баулуда.

O'qilgan: 108 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: