LOTIN-КИРИЛЛ

ЖЫР ЖИНАҚТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

     СӘУІРХАН ҚҰЛБАРАҚҰЛЫ АХМЕТОВ Үшқұдық ауданына қарасты Маралсай деген жерде 1958 жылы дүниеге келген. Жүзқұдықтағы ауыл мектебінде білім алып, алғашқы еңбек жолын клуб меңгерушісі болып бастаған. Құрылыс саласының маманы. Кəсібі бөгде болғанмен бала жастан өлеңге, өнерге, əдебиетке аса құштар болып өскен. Тауелібайда ғұмыр кешкен Базар жырау, Лəтіп Мірəшімұлы, Бердалы тоқа, Өмірзақ Қожамұратов т.б. ұлы таланттардың жырларынан сусындап өскен. Өзінің жерлесі, кезінде Ташкентте Төлеген Айбергеновпен бірге оқыған ақын Əбдіғаппар Шөлбаевпен, сондай-ақ үшқұдықтық ақындар Шүкірбай Ақназарұлы, Қайрат Ахметовтермен етене араласып, ауыл-аймақ арасында əдеби-мəдени іс-шаралардың ауқымды өтуіне атсалысып жүрген белсенді жерлесіміз.
Бойында тек ақындық қасиет қана емес, өнерге де бір табан жақын болған. Тауелібайлық айтыскер ақын Ақбай ағамен бірге əн салып, түрлі музыкалық аспаптардың құлағында ойнап, өнер ортасында жүрген. С. Ахметовтің өлеңдері аудандық, республикалық газеттерде, Алматыдан шыққан "Жүзім бағы", "Əділ сөздің алдаспаны ˗ Əйтеке би", "Қызылқұм жырлары " ұжымдық жинақтарына, Ташкентте жарық көрген "Шұғылалы елдің шабыты", "Өзбекстандағы қазақ ақын жырларының антологиясы" атты топтамаларға енген. 2013 жылы Алматыдағы "Сеп" баспасынан "Дүрліккен дүние дүбірі" аталған өлеңдер жинағы жарық көрген. 2024 жылы Науаи қаласындағы "Азиз китобхон" баспаханасынан ақын Сəуірхан Ахметовтің "Дала əуені" атты соңғы жылдары жазылған өлеңдер жинағы жарық көрді. Жырларының əр жолында салмақты ой, асқақ əуен тұнып тұр. Сөзінің жарығы нұр шашып тұратын талантты ақынымыздың жүрегінен туған жырларда Отанға, туған елге, табиғатқа, достыққа жəне адамгершілікке деген сүйіспеншілік сезімі ойлы өрнекпен шалқып төгіледі. Айтар сөзі сүбелі, сезімі шынайы.

    ҚАЙРАТ ПЕРДЕБЕКҰЛЫ АХМЕТОВ -1984 жылы 3 ақпанда Науаи облысы, Үшқұдық ауданына қарасты Құлқұдық ауылында дүниеге келген. Алғаш білімін сол ауылдағы 1-мектепте алып, Науаи Мемлекеттік Педагогика Институтының Бастауыш сынып оқытушысы факультетін бітірген. 2004 жылдан бері қаладағы 9-санды мектепті ұстаздық қызметін атқарып келеді. Бірқанша облыстық, республикалық, халықаралық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Айтыскер, сазгер, әнші, ақын, асаба, аудандағы Қазақ мәдени орталығының белсенді өкілі. 2010 жылы Астана қаласында өткен “Туған тілім -тұғырым” атты халықаралық жыр мүшәйрасының лауреаты. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Астана қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен халықаралық жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Шығармалары, өміршең өлеңдері аудандық, облыстық, республикалық, Халықаралық басылым беттерінде үздіксіз жарияланып келеді. Ақындық өнерімен қоса әншілік қабілеті де бар. 2009 жылы Науаи қаласында өткен Облыстық “Шәмші әндері” ән байқауының жеңімпазы, облыстық “Нихол” ән байқауының лауреаты.

    Жуырда Үшқұдық қаласындағы №9 мектепте кітапханашы Бақыт Сақыбаева мен ақын ұстаз Қайрат Ахметовтардың ұйымдастыруымен "Қызылқұм жырлары " атты әдеби-сазды кеш өтті. Онда жерлес қаламгерлер Сәуірхан Ахметов, Қайрат Ахметов, Бауыржан Пулатовтардың шығармашылығы кеңінен дәріптеліп, жиналғандар әдеби-сазды кештен әдебиет майданы, ақындық жолы, қаламгер туындылары туралы мол мағлұмат алды.
     Шара барысында мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқып, шағын концерттік бағдарламасын көрермендер назарына ұсынды. Қос ақынның шәкірттері, жас ақын Есен Батырхан пен ақын Қайрат Ахметов асыл сөздің төресі Айтыс жасады. Шара соңында қос ақынға мектеп әкімшілігі атынан шапан жабылып, алғыс хат пен гүл шоқтары табыс етілді.

O'qilgan: 97 bora

Uchquduq tumani

Tuman markazi - Uchquduq shahri.Tumanning tuzilgan vaqti – 1982 yil 22-aprel. Territoriyasi – 4663 ming2 km. Tuman markazi Navoiy viloyati markazigacha bulgan masofa – 300 km. Aholisi - 37028 ming kishi

Qisqacha ma'lumot

Aloqada bo'ling

  Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  Telefon: (+99879)222-00-05-101
  Telefon: (+99879)222-00-05-102
  Faks: (0436) 593-11-01
  Manzil: Navoiy viloyati, Uchquduq tumani, Amir Temur ko‘chasi, 28-uy

Ijtimoiy tarmoqlarda: