Еліміздің тәуелсіздік шежіресі жазыла бастағанына биыл 31 жыл болып отыр. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қыруар жұмыстарды атқарды. Тәуелсіздік халқымыздың еңсесін көтерді, рухани серпілісін оятты. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екенін, оның мағынасы зор, қанша жыл уақыт өтсе де оның бағасы жойылмайтындығын ұғындыра түсті.
Жуырда ауданымыздағы Алтынтау ААЖ-да Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай «Жаңа Өзбекстанда ел қымбат, тұлға қымбат» ұранымен мерекелік шара өтті. Шараға бүкіл ауыл тұрғындары, мекеме бастықтары мен ауыл белсенділері қатынасты. Шараны Алтынтау ААЖ төрағасы Сейіт Қылышұлы ашып берді. Мереке барысында «Саховат ва кўмак» қоры тарапынан Гүдзира Колдасбаеваға 3 млн.сум бір реттік, «Әйелдер дәптеріне» енгізілген Сохиба Нуриллаева, Гулниса Рзакулова, Акмарал Алтинбаеваларға перзенттері үшін мектеп формасын алуға әр біріне 300 000 сумнан материалдық жәрдем берілді.
Салтанатты шарада патриоттық әндер шырқалып, ауыл көркемөнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Жиналған қауымға ас дайындалып, дастарқанға тартылды. Мерекелік шара ауыл тұрғындарына жоғары көңіл-күй сыйлады.