Print this page

БІЛІКТІ БАСШЫ, БЕДЕЛДІ АЗАМАТ

   Ел үшін белді бекем буып, аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар қаншама. Әсіресе, туған топырағында қызмет атқарып, ел тізгінін ұстаған ағалар туралы қалам тарту біздің парызымыз.

   Әңгімеміздің негізіне көшсек, Абдикаримов Молдабек Сахиұлы 1961 жылы 1 қыркүйекте Мыңбұлақ ауылында дүниеге келді. 1978 жылы ауылдағы 11-санды мектепті бітіріп, Алматы Ветеринария институтының студенті атанады. 1985 жылдан бастап Мыңбұлақ ауылында еңбек жолын бастап, аудан әкімшілігінде де бірнеше лауазымдарда жұмыс атқарады. 2000-2001 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы  Мемлекеттік басқару академиясында оқиды. 2007 жылдан бастап аудан электрмен қамтамасыз ету бөлімінде учаске үлкен ұстасы қызметіне кіріседі. 2021 жылдан бөлім басқарушы болып тағайындалған Молдабек Сахиұлы біраз күрделі істің шешімін табады.  

    Сындарлы сырбаз тұлға, көркем мінез, кең дү­ние­танымы, биік мә­де­ни­еті, терең де жан-жақ­ты білімді Молдабек Сахиұлының осындай тұлға болып қалыптасуына отбасында тәрбие түрткі болған десек, артық айтпаған боламыз. Әкесі Сахи аға мен анасы Шәрігүл апа ұстаз болып саналы өмірлерін ұрпақ тәрбиесіне арнады.

Молдабек Сахиұлына іс­керлік, зор ұйымдастырушы­лық,  уақытпен санаспай еңбек ету, жауапкершілік, үл­кенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету қа­сиеттері тән. Өмірлік жары Бақтыгүл Нышанқызы екеуі – екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсіріп, он бір немере-жиендерінің қызығын көріп отыр­ған мейірімді, ұлағатты ата-әже. Ұлдары Жарылқасын, Береке, қыздары Мереке, Сұлухия, күйеу ба­лала­ры-келіні – жоғары білімді ма­мандар. 

     Мұхтар Әуезовтің «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деген даналық сөзі бар. Біздің білуімізше, осы үш асыл қасиеттің бәрі де Молдабек Сахиұлының өне бойынан табылады. Кісілігі мен кішілігі жарасқан ағамыз қандай лауа­зымда болса да, қай кезде де өзін қара­пайым, жайдары ұстайтын қасиетімен ерек­шеленіп келеді.

22 желтоқсан - Энергетиктер күніне орай Молдабек Сахиұлын сондай-ақ Үшқұдық аудан электрмен қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерін құттықтай отырып, өз жұмыстарын шеберлікпен атқарып, абыройлы қызметтері үшін зор алғыс айтып, алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне үлестерін қосуына сенім білдіреміз.

O'qilgan: 151 bora