Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       

ҚАРИЯЛАР ЕЛ ҚАЗЫНАСЫ

Қарап отырсақ,сонау ел басына күн туған қилы заманның ізін ала бере, соғыс деген сұмдық суық сөздің аты шыққанда ҰлманайЫсмайылова небәрі 15 жаста ғана екен. Пиғылы жаман фашистер көр құшқаннан кейін деел тұрмысы бірден түзеліп кетпеген.

Осының бәріне куә болған, еңбек майданында шыдамдылық пен қайсарлықтың, табандылықтың жарқын үлгісін танытқан Ұлманай әже Ысмайылова бүгін 92жаста.

Ұлманай әже Мыңбұлақ ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Сүйегі мықты жігерлі жан ауыр жылдарда да, кейін де шаруашылықта ерлерше еңбек етіп, бар күшін бүгінгі жарқын заманымыз жолына жұмсады. Жалпы айтқанда, Ұлманай әженің барлық еңбек ғұмыры ауылдағы мал шаруашылығына байланыста өткен. Әрине, мұны да біз қайратты да қазыналы қарияның өзімен, бала-шағасымен әңгімелескенде білдік.

Жастық шағы Екінші дүниежүзілік соғыстың алды-артындағы ауыр жылдарда өте шыққан Ұлманай әже Ысмайылованың бойындағы жасымайтын жігер, еңбек майданында көрсеткен ерен еңбегі баршамызға шын мәнінде үлгі-өнеге, қозғаушы екпіні бар күш.

Еңбек ардагері – Ұлманай Ысмайылова мен отағасы - соғыс ардагері, марқұм Сүлеймен ата Ысмайыловтан5 ұл, 2 қыз бар.Бүгінде олар түрлі салада еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің, абат та бейбіт заманымыздыңигілігіне үлес қосуда.

Сөз соңында,қиындыққа мойымаған жан, еңбек ардагері – Ұлманай әжені Жеңістің 72 жылдығымен шынайы құттықтаймыз, отбасына бақ-береке тілейміз,-дейміз біз.


Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: