Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ


 Аудандық «Нуроний» қайырымдылық қорының төрағасы Абдулла Керуенбаевтың «9 мамыр — Еске алу және қадірлеу» күніне аудан тұрғындарына құттықтауы

 Ассалаумағалейкум қадірлі Үшқұдық тұрғындары, жасы ұлы ақсақал мен әжейлер!

 Осы сәттен пайдаланып барша Отандастарымызды мерекемен құттықтаймын. Қашан да өткенін ұлықтап, бүгінін бақылап, келешегіне көз тастаған халықпыз. Елдің тыныштығы, ұрпақтың ұлағаты өткен ата-бабаларымыздың ақ білегінің күші, ақ найзасының ұшымен бізге тарту етілді. Әр жылы жоғары деңгейде аталып өтілетін бұл мерекеде елімізді тылсым дүниенің әсерінен сақтап қалған майдангер аталар мен батыр аналарымызды еске аламыз, рухына тағзым етеміз.

 Бүгінгі таңда өткен ата-бабаларымызға дұға бағыштауымыз — Алла алдындағы бір парызымыз. Өйткені сол азаматтар өткен ғасырдың бірінші жартысы аяғында сұрапыл соғысты басынан кешіргені барлығымызға аян. Олардың ерліктерін мәңгі ардақтап өтеміз. Сол аяусыз келген күндерде біздің ортадан яғни Үшқұдық ауданынан 421 адам соғысқа аттанған болса соның 172-сі қара қағаздың бетіне жазылды. Майданда көрсеткен ерліктері мәңгі ғазиздеп тұруға тұрарлық.

 Негізінде ұранды ердің қайсар ұрпағымыз. Елі үшін жері үшін намысын қолдан бермеген бабалардың бүгінгі ұрпағы өздігін танып, тыныш заманда шалқып-тасып жасауда. Соның барлығы сол сұрапылда майданның сұр көлеңкесін алысқа ысырып тастаған ержүректеріміздің арқасы.

Құрметті аудан тұрғындары!

 Өткен күннен алар тәрбиеміз, қашан да тыныштығымызға сақ болу, бабалар мирас еткен жерді аманат етіп, келер ұрпаққа тапсыру болып табылады. Ел келешегі болған әрбір жасөспірім өткенін ескерсе, келешегіне жарқын жүзбен бағып отырады.

Ғазиз ата-әжелер!

 9 мамыр — Еске алу және қадірлеу күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Елге берер батаңыз молынан болсын. Деніңіз сау, өміріңіз ұзақ болсын. Жыл сайын атап өтер ұлы мерекемізді сіздермен бірге тойлау нәсіп ете берсін.

 Еліміз тыныш, берекеміз мол болсын. Мерекемен және бір рет қызу құттықтаймын.

 Назарларыңызға рақмет.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.