Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ЛАЙЫҚТЫ АТАП ӨТІЛДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ЛАЙЫҚТЫ АТАП ӨТІЛДІ

Президентіміз бастамасымен желтоқсан айының екінші жексенбісіӨзбекстанда Ауылшаруашылығы қызметкерлері күні етіп белгіленген. Үстіміздегі жылы екінші рет атап өтілген бұл күн елімізде "Табыс мейрамы” шараларымен үйлескен түрде атап өтілуде.

 Үшқұдық ауданы ауыл шаруашылығы қызметкерлері де өздерінің кәсіп мейрамын еңбекте үлкен жетістіктер және көтеріңкі көңілмен қарсы алды. Атаулы күн мерекесіне орай желтоқсан айының 11-нде қаламыздағы "Асилбек” мейрамханасында шара ұйымдастырылып, оған фермер шаруашылықтары басшылары, жұмысшы қызметкерлері, басқа да кең көпшілік қатынасты.

– Адам үшін тыныштық және татулықтан артық қадірлі нәрсе жоқ, – дейді "Зиё” фермер шарушылығы төрағасы Султопошша Акбарова. – Бүгінде біз қол жеткізген жетістіктер, міне, осы мол табыс, жетістіктер жемісі арқасында Президентіміздің ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті, фермерлер әрекетін дамытуға қатысты іс-әрекеттері, салаға болған кең көңіл бөлу өз нәтижесін беруде. Бүгін баршамызда реформаларға қатыстылық сезімі, еңбегіміз нәтижесіне деген сенім арта түсуде. Мұны фермерлеріміздің жан күйдіріп атқарған еңбектері арқылы қол жеткізілген мол табыстардан айқын көреміз.
Мерекелік шаралар шаруашылық қызметкерлерін онан ары рухтандырып, жаңаша құлшыныста еңбек етуге үндеді. Мол дастархан айналасына жиылған сала белсенділерін аудан әкімі Соли Фармонович Хамроев құттықтап, құрметті Президентіміздің ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне жолдаған құттықтауын оқып, есіттірді.
Өзбекстан Республикасы ауыл шаруашылығы уәзірлігінің 2018 жыл 4 желтоқсандағы 105-санды бұйрығымен Үшқұдық ауданы әкімінің Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары Тойлибай Ахметовке «Өзбекстан Республикасы ауыл шаруашылығы белсендісі» төс белгісі тапсырылды.
Мұнан соң, Аслиддин Мардонов, Ниязбек Нурманов, Ўктам Жумаев, Султонпошша Акбарова сияқты фермер шаруашылықтары қызметкерлері және аудандық Ауыл шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Фурқат Ибодуллаев аудан әкімінің Мақтау жарлықтарымен марапатталды.
Шарада "Қызылқұм” мәдениет үйі өнерпаздары тарапынан дайындалған мерекелік концерттік бағдарлама шара қатынасушыларына көтеріңкі көңіл сыйлады.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: