Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / "Учқудуқ" газетасы хабарлайды: ӨЗБЕКСТАН -ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

"Учқудуқ" газетасы хабарлайды: ӨЗБЕКСТАН -ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

Тәуелсіздік атты ұлы бақытқа қол жеткізген біздің елімізде сан ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүруде. Бүгінде ділі бір, діні бір, тілегі мен жүрегі бір туысқан халықтардың достығын айғақтайтын түрлі мәдени шаралардың көптеп өтіп жатқаны көз қуантады әрине. Бір атаның баласындай бірлігін бекем сақтаған ұлттар арасындағы татулық пен сыйластық мәңгі жалғасып келеді.

Өзбекстан -ортақ үйіміз. Шұғылалы еліміздің шарапатын көріп жатқан әрбір ұлт өкілдері шынайы бақытты сезініп жасауда.

Бәрімізге мәлім, Президент Шавкат Миромонович Мирзиёевтың «Елді дамытудың бес үстем бағыты бойынша Әрекеттер стратегиясы» туралы жарлығы 2017 жылы 7 ақпанда қабылданған болатын. Бүгінгі таңда Әрекеттер стратегиясының бесінші бағыты «Қауіпсіздікті, ұлтаралық татулық пен діни бауырмалдықты қамтамасыз ету, терең ойланған, өзара мүдделі және іс жүзіндік рухтағы сыртқы саясат жүргізу» бойынша ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды шаралар өткізіліп келеді.

Кеше ғана ауданымыз орталығындағы «Үшқұдық» мәдениет сарайында болып өткен «Өзбекстан -ортақ үйіміз» атты достық фестивалі соның дәлелі. Аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген аталмыш фестивалға қазақ, өзбек, қарақалпақ, орыс ұлтының өкілдері белсенді қатынасып, өздерінің мәдени құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті. Әннен шашу шашылып, керемет билер орындалды. Әрбір ұлт өздерінің ұлттық көрмесін ұйымдастырды. Аудан әкімі орынбасары М.Шамұратов алғы сөзді алып, ауданымыздағы жасап жатқан жергілікті халықтар арасындағы ұлы достықты, бауырмалдықты тілге тиек етті. Келешегіміздің кемел кепілі -Конституциямыздың 26-жылдығы қарсаңында аталмыш достық фестивалі жоғары деңгейде өтті.

Ұлы достықты ту еткен осындай игілікті мәдени шаралар жалғасын таба берсін дейміз.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: