Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       

«АУЫЛҒА АРНАУ»

Ауылым, жүректегі тасқын сезім,
Өзіңде жырдың үрлеп, аштым көзін.
Санамда саған деген сағынышым,
Ғаламда жұмақ мекен,мәшһүр өзің.

Көркіңе көз тимесін, бақ мекенім,
Ұғындым сендік сезім тәтті екенін.
Атыңды бойтұмар ғып тағып алып,
Өзіммен қияларға ап кетемін.

Шыңдалдым, қанаттандым сенде туып,
Арманды түлеп ұштым мен де қуып.
Көркейіп кетіпсің-ау, киелі жер,
Жақсылық келе берсін елге жуық.

Ауылға кіріп бүгін нұрлы шырай,
Шаттықтан танытып ел тұрды сыңай.
Мәңгілік бекем болып елдігіміз,
Болсыншы тұрғындардың тұрмысы жай.

Іргелім, ізетімді білдірейін,
Жүректен кәде сыйды ілдірейін.
Келбеті кербезденген құтты қоныс,
Еркелеп, құшағыңда бір күлейін.

Жаңарған ауылымның көшелері,
Сан арман санамдағы еселеді.
Сезініп шарапатын ізгі елімнің,
Көңілдің ақтарылды осы өлеңі.

Елбасым паш етті елге даралығын,
Қуанып жатыр жас пен бала бүгін.
Туған жер жаса, жайна, көркейе бер,
Жерлестер, құтты болсын жаңалығың!

АХМЕТОВ ҚАЙРАТ ПЕРДЕБЕКҰЛЫ, Ақын, 9-мектеп оқытушысы.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: