Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / ЖАҢАРҒАН АУЫЛ КЕЛБЕТІ

ЖАҢАРҒАН АУЫЛ КЕЛБЕТІ


Бүгінгі таңда Тәуелсіздігіміздің шарапатымен, елбасымыз Ш.М.Мирзиёевтің тікелей пәрменімен «Абат ауыл» бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекендер күн сайын көріктеніп, көрсе көз тоятындай кейіпке еніп, көркейіп келеді. Халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін жақсарту, аймақтарды дамыту мақсатында атқарылып жатқан істер ел игілігіне айналуда. Еліміздің бүгінгі жасампаздық жарқын келбеті, халқымыздың өсіп-өркендеуі, болашаққа бастаған батыл қадамдарымыздың, қажырлы еңбекпен қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын дәлелі іспетті. Әрбір адам үшін өз туған жері, өсіп өнген ауылы киелі әрі қасиетті. Еркіндік пен елдіктің есігін айқара ашып, нұрлы болашақтың таңы атқан осынау кемел күннің келелі істері біздің Құлқұдық ауылымыздың да жаңарып, гүлденуінде айшықты із қалдырды.

«Абат ауыл» бағдарламасы бойынша туған өлкеміз түптен өзгеріп, тұрғындардың көңіліне қуаныш сезімін ұялатты. Келер ұрпақтың бақытты ғұмыр кешуі үшін, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын арттыру мақсатында ауыл көшелері абаттандырылып, осындағы тұрғылықты халыққа қызмет көрсету орындары мектеп, бала-бақша, ауылдық врач пункті және ауыл кеңсесінің ғимараттары қайта жөндеуден өтті. Ауыл көшелерін жалғаған асфальт жолдары салынып, жарық шырақтармен толық тәмінделді. Ауылдың кіре-беріс қақпасында бой көтерген шырақ белгілер келген жанға «қош келдіңіз!» деп қарсы алып, қонақжай халқымыздың ақжарқын көңілін, ізет-ілтипатын көрсетіп тұрғандай. Таяуда Құлқұдық ауылымызщдың «Абат ауылға» айналып, жаңарған ашылу мерекесі тойланып өтті. Аудан әкімшілігі, халыққа білім беру бөлімі мен денсаулық сақтау бөлімі және де Жастар еңбек орталығы мен мектепке дейінгі тәлім салаларының қызметкерлерінің, ерен ерлігін көрсеткен асқақ рухты азаматтардың, жергілікті тұрғындардың арқасында жаңаша көрініске енген ауыл ән мен күйге бөленіп жатты. Ауылымызға арнайы келген қонақтарымыз Өзбекстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі Құдайбергенов Тұрсынхан Айдарович, облыс әкімі Тұрсынов Қабул Бекназарович және ауданымыз әкімі Хамроев Соли Фармонович, аудандық мекеме басшылары мен ақсақалдары келіп, ауылымыздың халқымен жүздесіп, сұхбаттасты. Ауылымыздың қайта жаңарған көрікті келбетімен танысты. Елімізде осындай ауыз толтырып айтарлық жасампаздық жұмыстар жалғасын таба берсін! Ел іргесі аман болып, баянды болашағымыз нұрлы болғай! «Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз» дегендей, ауыл аймақтарымызда абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқын алып, халқымыз бақытты ғұмыр кешсін деп тілейміз! Туған ауылыма арнау жырымды тарту етемін.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: