Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік


Ұстаз қауымының бала көңілі əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.

Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын!!!

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Біздің әрқайсымыздың жүрегімізде ұстазға деген құрмет сезімі шексіз. Ұстаз бізге ішкі әлемімізді, жан дүниемізді жете танып, оны байытып, жарқын болашаққа жол сілтейді. Сондықтан да Мемлекет басшысы білім саласын аса маңызды салалардың бірі деп атап өткен болатын.

Биылғы оқу жылына орай ауданымызда білім мекемелеріне күрделі жөндеулер жүргізілді. Ұшқұдық ауданы мысалында айтатын болсақ, «Абат ауыл» бағдарламасы негізінде Құлқұдық ауылындағы 1-санды мектеп, 3-санды «Бүлдіршін» мектептке дейінгі білім мекемесінің жаңа заманауи көрініске ие болғаны ұрпақ тәрбиесі жолындағы дәйекті реформалардың практикалық нәтижесі болды. Сонымен қатар, аудан орталығында 125 орынды мектептке дейінгі білім беру мекемесі, «Жолшылар» ауыл азаматтар жиынында 216 орынды мектеп құрылысы ауданымызда тәлім-тәрбие сапасын жоғары басқышқа көтеруге қызмет етеді. Әрине, білім беру саласының негізгі алтын арқауы, асыл діңгегі ұстаз болған, қазір де солай және солай болып қала да бермек. Сіздердің еңбектеріңіз болашаққа бағытталған. Сол себептен де оған біздің елімізде ерекше көңіл бөлініп келеді.

Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!

Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді құттықтап мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін!

Нұрладин МҰРАТОВ, Халыққа білім беру бөлімі меңгерушісі.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: