Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / "УЧҚУДУҚ" газеті хабар береді: Тауелібай таланттары Астана төрінде

"УЧҚУДУҚ" газеті хабар береді: Тауелібай таланттары Астана төрінде

Ауданымыздың жас өнерпаздары – «Аққанат» тобы және жас әнші Мерейхан Абдраймов жақында ұстаздары, ақын, халықаралық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Қайрат Ахметовпен бірге Қазақстан Республикасының астанасы, ұлы дала елінің елордасы – Астана қаласының туылған күніне яғни 20 жылдық мерейтойына қатынасып келді. Ата-аналарының қолдап-қуаттауымен, ұстаздарының қанаттандыруымен Астанаға аттанған Тауелібай таланттары Қазақстан Республикасының Бірінші ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Астананың туылған күніне орай жыр арнауларын оқыды. Студияда «Аққанат» тобы өз репертуарларындағы «Бабалар рухы» әнін орындады. Жас өнерпаздардың жетекшілері – Қайрат Ахметов «Астанаға арнау» атты жүрекжарды өлеңін оқыды. Сонымен бірге, жас өнерпаздар Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, композитор, әнші – Марат Ілиясовпен сұхбаттасып, белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов секілді нар тұлғалы азаматтардың батасын алып қайтты. Сонымен қатар, эстрада жұлдыздары – Қарақат Әбілдина, Ғалымжан Жолдасбай, Бауыржан Ибрагимов, Тимур Омаров, «Muzartlife» тобының жігіттерімен кездесті. Қазмедиа орталығының журналист, тілшілерінің таңдайын қақтырған өнерпаз өрендер бір ай көлемінде Қазақстан Республикасының біраз өңірлерін аралап, ән айтып, зор шабытпен, үлкен әсермен қайтты.

Болашағынан зор үміт күттірген туған жеріміздің талантты ұлдарына және де ұстаздары Қайрат Ахметовке үлкен алғысымызды білдіреміз.

Өзбекстан Республикасы соның ішінде Науаи облысы Үшқұдық қаласының абыройын асқақтатып туған өлкеміз Тауелібайдың атын жалпақ жұртқа паш еткен жерлестерімізге алдағы жұмыстарына мол сәттіліктер, шығармашылық шабыт тілейміз.

Биіктің биігінен көріне беріңіздер!

Осындай игі шараға, мәдени байланыстарға арқау болған екі елдің яғни Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттерінің достығы нығая берсін! Екі елдің тұғыры биік, тәуелсіздігі ғұмырлы болғай!

 

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: