Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Өнердің кені - Үшқұдық

Өнердің кені - Үшқұдық

 Өнердің кені - Үшқұдық

Өнердің кені - Үшқұдық 

2018 жыл – Белсенді кәсіпкерлік, инновациялық идеялар мен технологияларды қолдап-қуаттау жылына орай 2018 жыл 27 сәуірде ауданымыздағы «Үшқұдық» мәдениет үйінде «Өнердің кені - Үшқұдық» атты өнер кеші болып өтті.
   Шара Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жыл 7 ақпанда қабылданғанелді дамытудың бес үстем бағыты бойынша 2017-2021 жылдарға арналған Әрекеттер стратегиясының бесінші бағытын яғни қауіпсіздікті, ұлтаралық татулық пен діни бауырмалдықты қамтамасыз ету, терең ойланған,өзара мүдделі жәнеіс жүзіндік рухтағысыртқы саясат жүргізужұмыстарын жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.
 Тәуелсіздігіміздің шарапатымен, аудандық жәнеоблыстық әкімшіліктіңсонымен қоса қазақмәдени орталығыныңқолдап-қуаттауымен өткізілгеншарада еленбей жүрген ерекше қабілеттіөнерпаздарымыз өз өнерлерін дүйімжұртқа тарту етті. Өнер кешініңшымылдығын аудан әкіміХамроев Соли Фармонович ашып беріп, тарихымыз, дініміз, мәде­ниеті­­міз бір болған өзбек халқымен қазақхалқы әр уақытта да бауырлас болып келген. Алыс сапарға туысын шығарыптұрып өзбек халқы: «Досың қазақ болсын» деп бата береді екен. Бұл қазақхалқыныңадалдығын, досын жауға бермейтін жаугерлігін, қонағына деген кең пейілдігін аңғартса керек деген сөздерін айтып, кешке жиналған халықтың жүрегінежылулық оятты.
  Сондай-ақ облыстық қазақ мәдени орталығы төрағасы Төрехан Нарынбетов және де облыстық Жазушылар одағының төрағасы Фахриддин Садриддинов сияқты ағаларымыз сөзге шығып, ауданымыз тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Шарада көптеген жас өнерпаздармен бір қатар орта буындағы ағаларымызда бой көрсетті.
  Өнер кешін Юрий Энтиннің сөзіне жазылған Фаррух Закировтің «Үшқұдық» әнін орындауымен Бауыржан Полатов пен Қайрат Ахметов сынды ұстаздарымыз ашып берді. Кеш барысында әдемі ән де, әсерлі күй де, әсем би де болды. «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы «Жарасым маусымы» атты «Жайдарман» көңілді тапқырлар ойынының қатысушылары «Оян қазақ» жайдарманшылар тобының сахналық қойылымдары көрерменге көл-көсір күлкі сыйлады.
  Ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кең үйрену және насихаттауға орай Абай Құанабаевтың шығармашылығынан «Көзімнің қарасы» атты әнін облыстық, республикалық және де халықаралық байқаулар жеңімпазыәнші Серіжан Жанахметов жоғары деңгейде алып шықты.
  Аудандық руханият және ағарту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген кеш халықтың көңілінен шықты десек артық айтқан болмаймыз. Бұл игі бастамакөрермен қызығушылығын арттыра түскені сөзсіз және де өз жалғасын табады деп айта аламыз.

Мөлдір БҮРКІТБАЕВА, өз тілшіміз.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: