Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Тау тұлғалы талант

Тау тұлғалы талант

Саф өлеңнің жүйрігі, ақиық ақын, қазақ поэзиясының алыбы Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 87 жыл толуына орай Үшқұдық ауданы 4-санды мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары Тынымбаева Гулжазира және Пулатов Бауыржандардың ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы талант» атты әдеби кеш болып өтті. Онда ақынның өмірі, еңбегі, аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары жайлы айтылды. Ақын өмірі жайлы бейнежазбалар слайд арқылы көрсетілді. Оның жырларына жазылған әндер орындалды. Оқушылар ақынның «Мен таулықпын», «Ана», «Музаға», «Халыққа хат», «Елім барда» сияқты сезімге толы көптеген өлең-жырлары , поэмаларынан үзінділер айтты, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына жасалған сахналық қойылым көрсетілді.

Кешке «Қызыл жарым ай» қайырымдылық қоры төрайымы Утепова Бақтыгүл, «Учқудуқ» газетасынан және түрлі мекемелерден қонақтар шақырылған болып, олар өздерінің жылы лебіздерін оқушыларға және мектеп ұжымына білдірді. «Қызыл жарым ай» қорынын атынан мектептің 5-сынып оқушысы, үйде жеке тәртіпте тәлім алатын Джакуова Аяжанға естелік сыйлығы тапсырылды.

Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа , ізгілікке, өз ұлтын сүюге баулуды мақсат қылып, күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен , халқына деген махаббатын өмірде де, күресте де азаматтықпен қорғай білген Мұқағали Мақатаевтың рухани мұрасын жастар бойына титтей болса да сіңіруді мақсат еткен ұстаздар мұраты асыл.

Ақын мұрасы , маржан поэзиясы- мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі , қадірлеп, қастерлейтін қазынасы.

Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуені, жадымызда жаңғырған жыр жолдары мәңгіге сақталмақ!

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: