Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Абат ауыл бағдарламасы іс жүзінде

Абат ауыл бағдарламасы іс жүзінде

Өзбекстан Републикасы Президентінің 2018 жыл 29 наурыздағы ПҚ-5386-санды "Абат ауыл” бағдарламасы туралы Жарлығы негізінде 2019 жыл 20 ақпанда Мемлекетіміз басшысы тарапынан "Абат ауыл” бағдарламасын 2019 жылда жүзеге асыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы ПҚ-4201-санды қаулысы қабылданды.

 

Мемлекет басшысының "Абат ауыл” туралы идеясы әлбетте, мемлекетіміз тарихында үлкен оқиға болды. Аталмыш Жарлықтың маңыздылығы онда белгіленген міндеттердің өмірде ұсынылуы тек, ауылдарымыз көрінісін өзгертіп қана қоймайды, бәлкім осы аймақтарда жасап жатқан ауылдастарымызды мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың іс жүзіндегі өзгерістер екендігіне өзара сенімді нығайтады.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде Үшқұдық ауданына 12 шақырым қашықтыққа жайғасқан Шалқар ауылы 2019 жыл "Абат ауыл” бағдарламасына енгізілді.

 

Штаб меңгерушісі аудан әкімі бірінші орынбасары Фаррух Бафоевтың бастамасымен ауылды көрікті және экологиялық жағынан таза болуына, санитария және гигиеналық талаптарға сай болуын тұрақтандыру, аудандағы 16 экономикалық кешенді мекемелердің 95 басшы қызметкерлері 304 пәтерге біртіндеп біріктіріліп шығылды. Мұнан тыс кем тәмінделген, әлеуметтік жәрдемге мұқтаж, жалғызілікті мүгедек азаматтардың үйлерін жөндеу және көркейту жұмыстарын нәтижелі алып бару мақсатында өз алдына басшы қызметкерлер біріктірілген. Ауылдың ішкі жолдары жөндеуден өткізіліп, ауызсуы және электр энергиясы желісі тартылды. Ауыл орталығынан өтетін үлкен жолға түнгі жарықтандыру бағандары орнатылды.

Шалқар ауылы кіреберісінде Шалқар ауылының рәміздік белгісі (стелло) құрылды. Ауылымыздағы 12-санды мектеп ғимаратында капитал жөндеу жұмыстары алып барылып, жаңа жабық спорт залы құрылысы жалғасуда. Сонымен бірге ауылдағы 6-санды мектепке дейінгі білім беру мекемесіне бағдарлама негізінде орталықтан мектепке дейінгі мекеменің жаңа ғимараты беріліп, құрылыс істері жалғасуда. Ауылдағы дәрігерлік пунктінде де жөнделу жұмыстары алып барылып жатыр. «Шалқар» ААЖ-ы ғимараты үлгілі жобалар негізінде құрылып, құрылыс істері аяқталу қарсаңында.

 

Шалқар ауылында бүгінгі таңда бағдарлама шеңберінде кең көлемді құрылыс-жасампаздық істері жалғасуда.

Акзира АБДИЕВА,

"Шалқар” ауыл азаматтар жиыны жауапты хатшысы.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: