Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / «ҚАЙРАТТЫҢ ЖАУҺАР ЖЫРЛАРЫ» атты әдеби-сазды кеш болып өтті

«ҚАЙРАТТЫҢ ЖАУҺАР ЖЫРЛАРЫ» атты әдеби-сазды кеш болып өтті

Жақында Құлқұдық ауылында Президентіміз Ш.Мирзиёевті «Әлеуметтік, рухани ағарту салалардағы істерді жаңа тізім негізінде жолға қою, жастар руханиятын дамытып, олардың бос уа-қыттарын мазмұнды ұйымдастыру бойынша» 5-маңызды бастамасына орай, ұстаз әрі ақын Қайрат Ахметовтың шығармашылығына арналған «ҚАЙРАТТЫҢ ЖАУҺАР ЖЫРЛАРЫ» атты әдеби-сазды кеш жоғары дәрежеде болып өтті.

Аудан әкімінің қолдауымен өткен шараны Құлқұдық ауыл ақсақалы Жомарт Абдираманов ашып беріп, шара иесіне ізгі-тілектерін білдірді. Сонымен қоса «Үшқұдық» газеті редакторы Райхан Қадирова, «Хунармандлар» ұйымының төрайымы Зебинисо Шарипова арнайы келіп, кеш иесіне ізгі лебіздерін жеткізіп, алғыс хаттарын табыс етті.

Шара барысында ақын шығармашылығынан өлең жолдар мәнерлеп оқылып, авторлығында жазылған әндер оқушылар тарапынан шырқалды. Сондай-ақ кеште ауданымыздың түпкір-түпкірінен қонақ болып келген ақын жазушылар да болды.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметі.


Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: