Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

Адамзат тарихындағы ең алапат соғыста біздің халқымыз өшпес үлес қосып, сол соғыста Жүзқұдық ауылынан майданға аттанған жерлестеріміздің 106 ерлікпен қаза тапты. Ата-бабаларымыздың ерлігін еске алу мақсатында ауылда мрамордан жасалған еске алу майданы құрылды.

9 май –Еске алу және қадірлеу күніне орай Жүзқұдық ауылында өткен шарада аудан әкімі С.Хамроев және де «Нуроний» қайырымдылық қоры төрағасы А.Керуенбаев сөзге шығып ауыл тұрғындарын құттықтады.

- Еліміздің бостандығы үшін жауынгерлердің жасаған ерліктерін ұмыту мүмкін емес. 9-мамыр Еске алу және қадірлеу күні мейрамы кезінен тыс уақытта да есте сақтауға міндеттіміз. Әрбір жаңа күн бізге өмір сүруге және балаларымызды бейбіт заманда тәрбиелеуге мүмкіндік берген адамдарға алғыс пен ризашылық білдіруге толы болуы керек, - деді өз сөзінде аудан әкімі Соли Хамроев.

Иә, аталарымыз бен бабаларымыздың ерлігі, әжелеріміздің еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Алаңға жиналған ауыл тұрғындары, тиісті мекеме басшыларымен соғыста қаза болған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алып, еске алу алаңына гүл шоқтарын қойды.

Соғыс ардагерлері біздің бақытты өмірімізге,тәуелсіздігімізге және аспанымыздың ашық болуына жол ашты. Біз бүгін 9-мамыр Еске алу және қадірлеу күні қарсаңында халқымыздың майдандағы және тылдағы қаһармандығы мен еңбегіне деген зор құрметімізді білдіреміз.

Шара барысында жиналған қауымға ауылдағы №2 жалпы білім беретін мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара соңында ас беріліп, ақсақалдар өз баталарын берді.



Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: