Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / ЕСІРТКІ – ҚАЗІРГІ ЗАМАН КЕСЕЛІ

ЕСІРТКІ – ҚАЗІРГІ ЗАМАН КЕСЕЛІ

Нашақорлық - әлеуметтік дерт ретінде өзін айқын көрсетуде, дүние жүзі бойынша есірткі заттардың заңсыз жолмен жүгенсіз таралуы, оны қолданушылар санының, тиісінше оған қатысты қылмыс түрлерінің еселеп өсуі, оның балауса ұрпағымыз – жастарға ауыз салуы, тіпті нашақорлық жүйесінің үлкен саясатқа араласып, оған салқынын тигізе бастауы еді.

 

Бір сөзбен айтқанда, адамзат баласы айла – шарғысы беймәлім, тылмыс күшті бір құбыжықпен бетпе – бет келді. Адамдар оның алдында дәрменсіздігін сезіне бастағандай.

 

Дүниені үрей билеген, шарасыздық саналы жаратылыс иелерін рухани тұйыққа тірегендей. Қазір адамзат қоғамы: «Бізге апат төніп келе ме, әлде апатты ортада өмір сүріп жатырмыз ба?» Егер бірінші жағдайда болсақ, оның қалай алдын аламыз, екінші жағдайда душар болған болсақ, одан қалай құтыламыз, шыңыраудан қалай шығамыз? Деген сұраққа жауап іздеуде. Бұл орайда ойымызды ортаға салайық деген ниетпен осы дүниені оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Дәрігер бұйырыс етсін немесе заңсыз сатып алынсын, қалай деседе, анаша атауларының бәрі – у. Оның адам организміне келтірер зардаптарын санап шығып, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Турасын айтсақ, бұл - өлімге апаратын бірден – бір жол. Есірткі себепші болған өлімнің 60 пайызы оны шамадан тыс қолданудан, 15 пайызы СПИД сияқты жұқпалы кеселдерден, ал 25 пайызы кездейсоқ жағдайлардан болады екен.
Есірткі – бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі - аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт.
Есірткіні қабылдаудың бірнеше жолдары бар. Оның бірі - егі арқылы қабылдау, өйткені қалай да болсын бұл қабылдау кезінде есірткі бірден қан арқылы тез миға әсер етеді. Бір есірткіні бірнеше түрде қабылдайды (егу, иіскеу, шайнау).
Ең көп тарағаны – шанышу немесе егу арқылы қабылдау. Тікелей тамырға жіберу өте қауіпті. Жие егу және улы заттардың тамырға жие әсер етуі салдарынан тамырлар жабысып, қасаңданады. Нәтижесінде қан айналымы нашарлайды. Сол себепті нашақорлар денелерінен ине салуға болатын жерлер іздей бастайды. Инені қол тамырларынан басқа да тамырларға салуға болады. Көбіне ата – аналар балалары қолының тамырын қадағалап, аман екен деп алансыз жүре береді. Ал олар аяқ, жауырын тамырларына салдыруы мүмкін.
Нашақорлық денсаулыққа қатерлі дерт. Одан аулақ болудың жолы – ешқашан оның дәмін татпау. Ал есірткі қармағына іліккендердің одан құтыламын деуі – тек өзін - өзі жұбатуы. Одан өлім ғана құтқарады. Бұл дерттен айығамын деген нашақор өзіне, ерік – жігеріне сенуі керек. Сонда ғана бір нәтиже шығуы мүмкін. Бұл үшін уақыт және темірдей төзімділік қажет. Тегінде шаңыраудан шұғу азабына түскеннен, сол құзға апаратын жолға түспеген жөн емес пе?
Өзінің ішкі дүниенді берік ұста, өзгелермен дұрыс қатынаса білуді үйрен. Өз - өзіне ұқыпты бол! Өмірдегі жолынды дұрыс тандап, ойлаған армандарына қол жеткізуге тырыс! Есінде болсын: жамандық - ешқашан жақсылыққа әкелмейді!

 

Қайрат АХМЕТОВ,

9-мектеп оқытушiсi.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: