Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / «ТЕМУРБЕКТЕР» ӘСКЕРИ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ТЕМУРБЕКТЕР» ӘСКЕРИ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жуырда Өзбекстан жастар одағы Үшқұдық аудандық Кеңесі, аудандық Қорғаныс бөлімі, 99818-санды әскери бөлім, аудандық дене тәрбие және спорт бөлімі, аудандық ХББ бөліміне қарасты жалпы білім беру мектептері тарапынан Өзбекстан жастар одағы Орталық Кеңесі, Өзбекстан Республикасы дене тәрбиесі және спорт мемлекеттік комитеті, Мәдениет министрлігі, Халыққа білім беру министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, және Қорғаныс министрлігінің біріккен қаулысы негізінде оқушы жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, олар ортасында салауатты өмір салтын насихаттау және өзара мәдени-спорт байланыстарын жолға қою, сондай-ақ жастарды спорт ойындарына жұмылдыру, бастапқы әскери және психологиялық дайындыққа ие отансүйгіш, жауапкершілікті, қиын және экстремалды жағдайларда дұрыс әрекеттену дағдыларын иелеген кемел ұрпақты тәрбиелеу мақсатында аудандағы 99818-санды әскери бөлімде жалпы орта білім беру мекемелері оқушы-жастары арасында өткізілетін «Темурбектер» әскери спорт ойындарының аудандық басқышы болып өтті. «Темурбектер» әскери спорт ойындарын ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес аудандағы барлық мектептер командалары 7 шарт негізінде өзара белдесті. Әскери спорт ойындары нәтижесінде «Ең күшті команда» номинациясы бойынша 9-санды мектептің «Тарландар» командасы, «Ең жылдам команда» номинациясы бойынша 3-санды мектептің «Жас танкішілер» командасы, «Ең батыл қатысушы ұл бала» атағын 7-санды мектептің «Қалқан» командасы мүшесі Ш. Рустамов, «Ең батыл қатысушы қыз бала» атағын 5-санды мектептің «Олимплидер» командасы мүшесі Ш.Расулова иелеген болса, командалық есеп қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды 20-санды мектептің «Бүркіттер» командасы, жүлделі 2-орынды 18-санды мектептің «Сұңқарлар» командасы, жүлделі 3-орынды 10-санды мектептің «Темурбектер» командасы иеледі. «Темурбектер» әскери-спорт ойындары қатысушылары Өзбекстан жастар одағы аудандық Кеңесі тарапынан естелік сыйлықтар және мақтау жарлықтарымен марапатталды.

Отабек ТИЛАВОВ,

Өзбекстан жастар одағы аудандық Кеңесі төрағасы.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: