Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / "Учкудук" газетаси хабар қилади: Жаса, Наурыз!

"Учкудук" газетаси хабар қилади: Жаса, Наурыз!

Ауданда өткізілген наурыз мерекесі

«Жаса, Наурыз жасай бер,

Елің күтті сағына.

Береке, бірлік алып кел,

Халқымыздың бағына», - деп ақын жырлағандай 16 март күні наурыз мерекесі ауданымызда салтанатты түрде аса зор ұйымшылдықпен атап өтілді.

«Үшқұдық» мәдениет үйі алды мерекелік көңіл-күйде безендіріліп, аудандағы көпшілік ұйымдар белсенді қатынасты.

Мерекені ашып беру үшін аудан әкімі Хамроев Соли Фармонович сөзге шығып, «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мерекесімен ауданымыз халқын құттықтап, ізгі-тілектерін білдірді.

Өтілген мерекелік шараларда халқымыздың әдет-ғұрыптары, көңілді ән-күйлері орын алып, жаңару күні одан әрі жаңғыра түсті.

Мерекелік шарада ауданымыздағы 9-мектеп, 3-мектеп және де 10-мектеп ұжымдары сондай-ақ «Шалхар» ауыл азаматтар жиыны тәрепінен ұйымдастырылған сахналық көріністер мен ұлттық аспаптарда шырқалған әндер жиналған қауымның көңілінен бір-ақ шықты. Әсіресе, «Айтим» және де «Мустақиллик» махаллалары қойған «Келін сәлем» көрінісінен наурызды халық аңсап күткенін және де белсене дайындалғанын байқаса болады.

Көп ұзамай той алаңы бір-біріне ыстық ықыластары мен ақ тілектерін айтып, күлімдеп амандасқан халыққа толды.

Осылайша мереке «Лашын» спорт кешенінде өткізілген спорт ойындарымен ұласты. Ортаға шыққан күрескерлердің мықтылықтары сонша-барлығы да оңайлықпен берілмеді. Көпшілігі бірін-бірі жамбасқа алалмай, біраз уақыт аңдысумен болды. Дегенмен, қарсыласының осал тұсын дәл тапқаны палуан атанып, кейінгі айналымда өнер көрсетті. Қызықты өткен спорт ойындары жастарды бұрынғыдан да жақындастырып, бір-бірін жақыннан тани түсуге себепкер болды.

Тартысты өткен спорт ойындарынан кейін көпшілікке арнап асылған той қазанның қақпағы ашылып, Наурыз дәмі жағалай жайылған мол дастарқандарға тартылды.

Қариялар:

«Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң, жол болсын,

Бәле-жала жерге енсін,

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», деп тілектерін айтып, баталарын берді.

Қуаныш пен шаттыққа кенелген барша жұрт бірін бірі Наурыз көжеге шақырып, көңілдері тасып, қонақ күтуге асығып тарап жатты. Осылайша тойланған Наурыз мерекесі жақсы көңіл күймен аудандағы ауылдарда өз жалғасын табуда.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: