Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Абат ауыл Шалқарда

Абат ауыл Шалқарда

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жыл 20 ақпандағы "Обод қишлоқ” бағдарламасын 2019 жылда жүзеге асыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ПҚ-4201-санды қаулысына негіздеп, "Шалқар” ауылындағы әлеуметтік сала және сервистік қызмет көрсету объекттері және инженерлік тармақтарын жөндеуден өткізу және жаңадан құрылысы жоспарланған.

 

Соның ішінде, 12-санды жалпы орта білім мектеп ғимараты толық жөндеуден өткізіліп, стадион, әжетхана, жаяжолдар (тротуарлар) және тоспа қорғандары жаңадан құрылады, осы құрылыс жұмыстарын атқаруға 1,6 млр. Сум қаражат жұмсалуы жоспарланған.
Ауылда заман талаптарына жауап беретін жаңа МТМ ғимараты құрылып, ғимарат ішінде санитар жүйесін орнату (әжетхана, жуыну бөлмесі, душ), балалар ойнайтын жаңа дәліз құру, кір жуу бөлмесі және асхана құрылады сондай-ақ жаяужол және тоспа қорғандарын жаңадан құруға 2,68 млр. Сум құрылыс істері жоспарланған.
Ауылдық дәрігерлік пункт ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары алып барылады және осы құрылыс жөндеу істеріне 560 млн. Сум қаражат жұмсалуы жоспарланған.Ауылдағы махалла ғимараты және жасанды қаптамалы спорт алаңшасы құрылып, пайдалануға тапсырылады.

 

Ескі ағаш электр тіреуіш бағандары алып тасталып, жаңадан темір-бетон бағандары және электр ұзартқыш қаптамалы сымдарына алмастыру істері жүзеге асырылады және трансформаторлар ағымддағы жөндеуден өткізіледі.

 

2,0 км асфальт қаптамалы жол құрылып, көше бойлап заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұл істерді толық атқаруға 995,0 млн. сум қаражат талап етіледі.
Ауылда 6,0 км ұзындықтағы ауызсу тармақтары ағымдағы жөндеу және суландырылмаған тұрғындар үй-жайлары, әлеуметтік-сервистік сала объекттеріне жаңадан ауызсу су тармақтары жеткізіледі. Бұл істерді атқаруға 560,0 млн. сум қаражат жұмсалуы жоспарланған.
Қабірстан аумағы көркейтіліп, тоспа қорғандар ағартылады. Ауылға кіреберіс жолдағы жаңартылған стелло құру істері жоспарланған.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: