Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Абат ауыл – Жолшылар қорғанында

Абат ауыл – Жолшылар қорғанында

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жыл 20 ақпандағы "Обод қишлоқ” бағдарламасын 2019 жылда жүзеге асыру бойынша қосымша іс-шаралар туралы” ПҚ-4201-санды қаулысына негіздеп, "Жолшылар” қалашығындағы әлеуметтік сала және сервистік қызмет көрсету объекттері және инженерлік тармақтарын жөндеуден өткізу және жаңадан құрылысы жоспарланған.

 

Соның ішінде, "Жолшылар” қалашығы территориясында 2018 жылда Инвестиция бағдарламасы негізінде 216-орынды жаңа мектеп ғимаратын құру үшін 3,575 млр. сум қаражат жұмсалып, пайдалануға тапсырылған.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2018 жыл 2 наурыз күні Навои облысына келуі хаттамасына негіздеп, Навои кен-металлургия комбинаты тарапынан 8,5 млр. сум қаражат бөлініп, 160-орынды заман талаптарына жауап беретін жаңа МТМ ғимаратын құру істері алып барылуда.
"Жолшылар” қалашығына жаңа махалла ғимараты және жасанды қаптамалы спорт алаңшасын құру ұшін "Обод қишлоқ” бағдарламасы негізінде 1,8 млр. сум қаражат бөлініп, үстіміздегі жылда пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Ескі ағаш электр тіреуіш бағандары алып тасталып, жаңадан темір-бетон бағандары және электр ұзартқыш қаптамалы сымдарына алмастыру істері жүзеге асырылуда.
2,0 км ұсақ жұмыр тас шағыл қаптамалы және 1,5 асфальт қаптамалы ішкі жол құрылып, көше бойлап заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бұл істерді атқаруға 900 млн. сум қаражат жұмсалуы жоспарланған.
Жолшылар қалашығында 6,0 км ұзындықтағы ауызсу тармақтары ағымдағы жөндеу және суландырылмаған тұрғындар үй-жайлары, әлеуметтік-сервистік сала объекттеріне жаңадан ауызсу су тармақтары жеткізіледі. Бұл істерді атқаруға 800,0 млн. сум қаражат жұмсалуы жоспарланған болып, бүгінгі күнде жоба-смета құжаттары жоспарланған.
Сондай-ақ, Жолшылар қалашығына жаңадан 2 автобекет және стелло құру істері жоспарланған.
Аумақта жасаушы тұрғындар тарапынан өздеріне тиісті тұрғын үй және тұрғын үйге жатпайтын жәрдемші шаруашылық ғимараттарының тамы, фасад, маңдай бет бөлігін жөндеу және сырлау және терезе, есіктерін заман талаптары тәртібіне сай үйлестіру, әжетхана, қорған қабырғаларын тәртіпке келтіру, гүл және тал көшеттерін егуді ұйымдастыру талап етіледі.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: