Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Діни экстремизм мен терроризмнің таралу себептері

Діни экстремизм мен терроризмнің таралу себептері

Экстремизм мәселесі, оның түрлі көріністерінде, әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналып отыр. Әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси және діни, экологиялық және басқа да өзекті мәселелерді шешу барысында әрбір қоғамда, мемлекетте жанданады. Қарап отырсақ, экстремизм экономикалық жақтан дамыған және саяси тұрақты елдерде де белең алады. «Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Экстремистердің екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады» [3, 45 б.]. Қазіргі уақытта ел мен ел, мемлекет пен мемлекет, адамдар арасындағы араздасу, бүліктердің туындау себебі жалған діндердің орын алуы басты себеп болып отыр.

Діни экстремизм мен терроризмнің шығуына көптеген жағдайлар әсер етті. Атап айтатын болсақ:

экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және мәдени салаларда артта қалу;

әлеуметік әділетсіздік;

жұмыссыздық, кедейшілік, ауыл және қала мәселелері;

халықтың өмір сүру түрі, стандарттарына батыс елдерінің араласуы;

саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыдан үстемдік құруы;

діни, мәдени және идеологиялық, миссионерлік іс-шаралар;

географиялық аймақтар, мемлекеттер, халық пен ел арасындағы түсініспеушіліктер;

дамыған елдер мен мемлекеттердің дамымаған елдерді отарлауы, бөліп тұтастығын бұзуы;

отбасы проблемасы, қоғамнан аластатылуы, өзін-өзі көрсету және дәлелдеуі;

бір адамның, қоғамның бастан кешкен күйінішіне, әлсіздігіне қарсы өш алуы;

өз дінінің, идеологиясының, халқының және мемлекетінің алдындағы міндетін атқару;

қоғамдағы саясат, мәдениет пен өркениет дамуына қарсы әрекеттердің туындауы.

Қоғамдағы келісім, ішкі татулық пен береке-бірлік әр мемлекеттің террорға қарсы мықты бекінісі әрі қорғаны. Ең маңыздысы, адамдарды зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке, қатыгездікке итеретін факторларды анықтап, оларды еңсеру үшін нақты шараларды қолдану керек. Әр адам өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлап, құқықтың үстемдігі іс жүзінде жүзеге асатын болса, заңсыздық пен әділетсіздік орын алмаса, қоғамның басын біріктіретін құндылықтар дәріптелсе, сонда ғана потенциалды террордан сақтануға болады.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: