Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Әйел бақытты – жанұя, қоғам бақытты!

Әйел бақытты – жанұя, қоғам бақытты!

Құрметті ақ жаулықты әжелеріміз, аяулы аналарымыз, қаракөз сіңілдеріміз! Сіздерді көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін – 8 наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесімен щын жүректен құттықтаймын.

Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша көңіл бөлінеді. Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ. Бүгінгі мереке бізге деген шынайы құрмет белгісі.

Бұл күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын аналарымыз бен қыз-келіншектерге жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн.

Біз ізеттіліктерімізбен, сыпайылықтарымызбен өмірді шуақтандырып, жақындарымызбен туған-туысқандарымызға жылу сыйлаймыз. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп жүрген бүкіл әйел затына алғысым шексіз.

Сондай-ақ, олардың қатарында жоғары мемлекеттік марапаттармен марапатталған белсенді, жанқияр, білімді мамандар бар екен бүкіл аудан тұрғындары оларды мақтан тұтады. Қатар жылдар жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп келген 7-мектеп оқытушылары Гуласал Пардаева, Гулнора Рузиева, 18-мектеп оқытушысы Мақсуда Шамсиева, "Мустақиллик” МАЖ төрайымы Арофат Жуманова, "Үшқұдық” газетасы бас редакторы Райхан Қадірова, Денсаулықты сақтау белсені төс белгісі иегерлері Фатима Астанакулова, Луиза Ахмедова, халыққа білім беру белсені иегерлері Насиба Рузиева, Адиба Рузиева, Гүлшат Мұратова сияқты әйелдерімізбен қанша мақтансақта арзиды.

Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй, Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. «Ер - елдің иесі, әйел – үйдің киесі», - дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдікпен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен жеңешелерімізді, қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұларыңызға береке-бірлік тілеймін!

Гүлбахар АЛЛАНОВА,

аудан әкімі орынбасары,

аудандық әйел-қыздар

ұйымының төрайымы.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: