Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Адам саудасы – заман індеті

Адам саудасы – заман індеті

Адам саудасы – әрбір адамның заңмен бекітілген жеке құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық көрсету, азапты, қиын жұмыстарға еріксіз салу, адамдық бостандығын аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, тұлғалардың, яғни оңай табыс табу жолын ұстану арқылы адамдарды пайда табудың көзіне айналдыру сияқты теріс сипат. Сарапшылардың пайымдауынша, ұйымдасқан қылмыс саласында XXI ғасырдың өзекті мәселесіне айналған адам саудасы есірткі мен қару-жарақ саудасынан кейін 3-орынға ие. Көбінесе адам саудасына ұшырайтындар әйелдер мен кәмелетке толмағандар. Жыл сайын әлемде 700 мыңнан 5 миллионға дейін ерлер, әйелдер мен балалар адам саудасының құрбандары болып, ықтиярсыз құлдықта ұсталады. Оның 1,2 миллионы – балалар. Осындай қоғам қасіреті біздің елімізде де жоқ емес. Әйелдер мен балалар саудаға салынады, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейді.

Талдау соңғы жылдары қылмыстың бұл түрінің шапшаң өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның сарапшыларының бағалаулары бойынша адам саудасының құрбаны болғандар саны бүкіл дүние жүзінде жүз мыңдап және тіпті миллиондап есептеледі. Жас әйелдер Еуропаға, Америкаға, Канадаға, Африка, Азия және Таяу Шығыс елдеріне әкетіледі. Пайда көретіндер – саудагерлер мен «жеңгетайлардың» трансұлттық ұйымдары. Адам саудасының қылмыстық бизнесіне тек әйелдер ғана тартылмаған, қылмыстық экономиканың бұл секторының елеулі бөлігін балаларды сату құрайды.

БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары Басқармасының мәліметтері бойынша ТМД елдерінен 500 мыңнан астам әйел сатылған. Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сату елімізбен бірге басқа да бірқатар елдер үшін аса маңызды құбылыс болып отырғандығы соншалық, ол қауіпсіздік пен ұлттық генофондға қауіп төнгізіп отыр. Адам саудасына ұлты мен азаматтығына қарамастан қылмыскерлердің ұйымдасқан желісі жағдай жасап отыр.

Адам саудасының өсіп келе жатқан жағдайында біздің елімізде қолданыстағы қылмыстық заңнамаға аталған құқыққа қарсы әрекет түрі үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін арнайы құқықтық нормалар енгізілген.

Адамды саудалау, заңсыз әкету, одан қалса еңбегін қанап, құлдық қамытын кигізу қылмыстарының алдын алу үшін және сол тұзаққа түсіп қалмау үшін сананы улайтын жарнамаларға сеніп алданбау керек. «Қияли жарнаманың» ақыры кейде қайғылы жағдайларға әкеліп соғып жатады. Шетелдегі тамашаға сеніп қалған жерлестеріміздің Отанына қайта алмай сорлап қалғандары қаншама. Ең бастысы өзімізге сақ болайық және әрқашан құқықтық сауаттылығымызды арттырып отыру артық емес.

Адам саудасы – қауіпті қылмыс!

Р.Қодирова,

комиссия мүшесі

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: