Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / АБАТ АУЫЛ, АБАТ МЕКЕН, АБАТ КӨҢІЛДЕР!

АБАТ АУЫЛ, АБАТ МЕКЕН, АБАТ КӨҢІЛДЕР!

Бүгін «Ұзынқұдық» ауыл азаматтары жиыны, Ұзынқұдық аулында «Обод қишлоқ» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алып барылған жұмыстар соңына жеткізіліп, ондаған әлеуметтік сала объекттері пайдалануға тапсырылды.

Жоғарғы жәрежеде тойланған шарада Науайы уәлаяты әкімім орынбасары Ғофур Мусурмонов, Науайы уәлаят Махаллалар кеңесі төрағасы бірінші орныбасары Нормурод Исоқов, Үшқұдық ауданы әкімі Соли Хамроев және де бір қатар мекеме бастықтары, ауыл тұрғындары және жастары қатысты.

 

Елбасымыздың 2018 жыл наурыз айындағы ауылдық жер елді мекендердің бет келбетін түбегейлі өзгерту, жаңарту, жайларды кешенді дамыту, жол-транспорт инфрақұрылымы, инженерлік-коммуникация тармақтары және әлеуметтік объекттерін құру және осы негізде тұрғындардың тұрмыс тірлігін, жасау мәдениетін жетілдіру мақсатында «Обод қишлоқ» бағдарламасы туралы жарлығы және қаулысы қабылданған болатын.
Аталмыш құжаттар республикамыздағы көптеген ауылдар, елді мекендер тұрғындары тұрмыс-тірлігіне жаңа серпін, тың күш алып келді. Соның ішінде, Үшқұдық ауданы Ұзынқұдық ауылында да ұзақ жылдардан бері топталып қалған ділгірліктерге шешім табылды.
Ауылда «Обод қишлоқ» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты аудан әкімінің қаулысы қабылданды. Соған орай, арнайы штаб түзіліп, кәсіпорын және мекемелердің лауазымды тұлғалары, секторлар басшылары, жұртшылық өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері жағдайды толығымен жетерліктей үйрене отырып, жағдайды түбегейлі жақсарту мақсатында жергілікті жол картасы түзілді. Міндеттер белгілеп алынды.
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберіндеауылдық дәрігерлік пункті 100 млн.сум, ауыл махаллалар жиыны ғимараты 75 млн.сум, мәдениет үйі 250 млн.сум, жуынатын бөлме үшін 55 млн.сум, базар құрылысы үшін 118 млн.сум қаржы жұмсалды. Сонымен қатар 134 млн.сумға орталық көшеге түнгі шырақтар, эстетикалық көрініс беруші түрлі түсті жарықтықтар орнатылды. 3,5 км. Таза ішімдік суы тармағы 85 млн.сум қаржы жұмсалып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл орталығынан өтетін жолдың құрылысына 1 млрд.сум жұмсалды.

 

Әсіресе, ауылға кіретін жолдың бойына «Ұзынқұдық» стелласы орнатылып, жан-жағы абаттандырылып, брусчаткалар төселіп, түнгі шырақтардың әр түрлі реңк беруі ауыл тұрғындарының сондай-ақ жастардың қуанышында шек жоқ. Бұл істер үшін 35 млн.сум қаражат жұмсалды.

1-санды жалпы орта білім беру мектебі үшін 850 млн.сум, 9-санды «Балдырған» мектепке дейінгі білім беру мекемесі 2 млрд.сум есесіне қайта құрылуда. 
Көңіл бөлерлік және бір іс, ауылдағы 80-нен аса пәтер азаматтары көркейту істерінде белсенді қатынасты. Мақсат өз үйінің абаттығы, ұқыптылығы болса, абат ауыл-абат елді мекенді құру болды. Олардың еңбегімен барлық үйлер жөндеуден өткізілді, бірқаншасы жөндеуден шығарылды. Ескі жарақсыз шиферлер жаңасымен алмастырылды. Фасад бөлігі көркейтіліп, «Обод қишлоқ» бағдарламасы екпіні қызылқұмның алыс ауылдарына да жетіп келгендігін білдіруде.
Халқымызда «Абаттық көңілден басталады» деген ҳикметті сөз бар. Расында да, рухани-өнегелілік қасиеттерге бай, мейір-махаббат, жомарттық, дос пейіл, тыныштық-татулық сияқты адамилық өлшемдерімен тұтасқан әрбір жай абаттық және жасампаздыққа жол алады.
Бүтіндей жаңа көрініске енген ауылға заманалық инфрақұрылымның кіріп келуі, әлеуметтік сала объекттерінің бүтіндей жаңадан құрылуы үлкен-кішіні бірдей шат-шадыман қуанышқа бөледі. Бұл шаруашылық ұжымын әр уақытта белсенділікпен, ұйымшылдықпен еңбек етуге шақырып тұрады

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: