Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Отанға қызмет ету – басты парызымыз!

Отанға қызмет ету – басты парызымыз!

Отан… Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?!

Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерінің 27 жылдығы және де Отан қорғаушылар күнін атап өтуге дайындық көру және оны өткізуге арналған отаншылдық айлығы биылғы жылдың 15 желтоқсанынан 2019 жылдың 15 қаңтар аралығында болып өтуде. «Отан - қасиетті, оны қорғау басты міндет!» деген жалпы идея негізінде өткізіліп жатқан шаралардың негізгі мақсаты тұрғындарда ұлттық армиядан ерекшелену және оған болған сенімді асыру, жастарды отаншылдық рухында тәрбиелеуден тұрады.

Мемлекетіміздің түпкір-түпкірінде болып жатқаны сияқты Үшқұдық ауданында да отаншылдық айлығын өткізу мақсатында аудан әкімінің пәрмені қабылданды. Істеп шығылған шараға негіздеп, «Алтынтау» ААЖдағы 1-санды мектеп оқушы-жастармен кездесу өткізілді.

Жастармен тілдесуге №99818-санды әскери бөлім әскерлері, аудандық қорғаныс істері бөлімі, жастар одағы аудандық кеңесі бөлімдері қатынасты. Оқушылар келген қонақтарға өздерінің қызықты сұрақтарын қойып, оларға керекті мәліметтер алды. Кездесуде мектеп оқушылары өздерінің өлең шумақтарын оқып, концерттік бағдарламаларын ұсынды. Көтеріңкі көңілде өткізілген кездесуден келген қонақтар да оқушылар да ауыл тұрғындары да дән риза болды.

Кездесу соңында мектептің оқу істері бойынша директор орынбасары А.Омаров сөзге шығып жақындап келе жатқан Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерінің 27 жылдығы және де Отан қорғаушылар күнімен қатысушыларды шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: