Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / "Учқудуқ" газетаси хабар қилади: Кеше және бүгін

"Учқудуқ" газетаси хабар қилади: Кеше және бүгін

80-90 жылдарды еске алайық. Оқушы кезімізде мектепті бітіргенімізге дейін бас-аяғы екі немесе үш рет-ақ мектеп папкасын (сөмкесін) алар едік. Киіміміз де тап солай болатын. Ең әрісі шынтақтарымызға қажалып жыртылған соң киімнің жеңіне жамау салып берсе де үндемей киіп кете беретін едік. Сөмкелеріміз болса қайта-қайта жамала бергеннен бүтін жері қалмайтын. Өзімізден жасы үлкен аға-апаларымыз, ең әрісі туыстарымыздың да киім-кешектерін табылғанына қуана-қуана киер едік. Сыныбымызда қаһарлы қыс күндерінде етігін кезекпе-кезек киген оқушылар да бар еді. Олардың сабаққа кешігіп келіп, оқытушылардан сөз есітіп, ұялып тұратын кездері де көп болған.

Талаптарымыз да сол заманға сай. Яғни айтарлықтай көп емес еді. Қазіргідей ол кездерде адамдар үйін алмастыру немесе өңдеу, жиһаздау жайлы ойламас, сәулетті үй-жай құру, үлкен той-жиындар өткізуге шамалары жетпес еді. Бір сөзбен айтқанда әркім заманға қарап «тон пішетін» еді. Ешкімнің өз білім және іскерлігімен байып кетуіне жол қойылмас еді. Демек, әрбіріміздің бүгінгі жаратылған мол мүмкіндіктердің қадіріне жетуіміз біз үшін үлкен маңызға ие...

Мектеп базарында айналып жүрер екенмін, ана-баланың сұхбаты құлағыма шалынды.

— Апа, маған сөмке алып беріңізші, — дейді 12-13 жасар қыз.

— Өткен жылы екі сөмке ұстадың, екіншісін оқу жылы аяқталуына бір ай қалғанда алдың-ғой, балам, әлі бүп-бүтін емес пе?

— Жоқ, — қарсылық білдірді бойы өсіп қалған қыз. — Маған жаңадан шыққанын алып бересіз дедім бе, алып бересіз!

Ана-бала сөмке таңдап жатқанда мен олардан алыстап барар едім...

Тап осы мезетте дүниенің қайсыбір бұрышында қарнын, иә, иә тек қарнын тойдыру мақсатында балағатқа жетпеген балалар күші, әлі құрып, ауыр еңбек қылуда. Интернет хабарларында айтылуынша шет мемлекеттерде өзін және жанұясын бағу үшін 250 миллион жас бала еңбек етуде. Олар өз қарнын тойдыру үшін әртүрлі ауыр еңбек етуге де дайын.

Біздің елімізде болса балаларды қорғау, оларды жалпы адамилық құндылықтар рухында тәрбиелеу мемлекет саясаты дәрежесіне көтерілгені бүгінде анық көзге тасталуда.

Әлемге ашық көз, жарық жүзбен қарайық. Осы Отан, осы жұрт, қасиетті топырақ өзіміздікі, Отанның гүлдеп-жайнауы және оның дамуы, өркендеуіне әрбіріміз өзіміздің елеулі үлесімізді қосайық.

Райхан ҚАДІРОВА,

журналист.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: